Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҒАСЫР АРДАҚТЫЛАРЫ!

**АРМЫСЫҢДАР АСЫЛДАРЫМ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА***

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер Кеңесінде ерекше қуаныш. Саусақпен санарлықтай қалған Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатарындағы дәл бүгін 101 жасқа келіп отырған ардақты ақсақалымыз Абдурахман Сафаров атамыздың туған күні.

АТА.jpg

Неміс басқыншыларына қарсы соғыста Смоленск Калуга, Витебеск қалаларын азат етуге қатысты. 1945 жылы соғыс біткеннен кейін,елге оралып,мұғалім болып,физика-математика пәнінен сабақ беріп,1980жылы құрметті демалысқа шығады. Майдандағы ерлігі үшін Абдурахман Сафаров1,2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және Ерен ерлігі үшін Кенисбергті азат еткені үшін, Москваны жаудан қорғағаны үшін Медальдарымен марапатталған. Ғасыр жасаған атамыз,Қазақ радиосының 100жылдығы тойымен келіп,ортамызда жүргені үлкен абырой ,кремет мақтаныш.Жасай беріңіз Ардақты аға.

АТА 101.jpg

Тіршілігіңіз жалғаса берсін Аман болыңыз,ауырмаңыз! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы,Нұрсұлтан қаласы ардагерлер кеңесінің 30 жылдығын бірге тойлайық, Шын жүректен тілектес

AUDIO-2021-05-20-20-48-24.mp3 - Почта Mail.ru.html

                                **Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер Кеңесінің ұжымы.**

         **ҚАРТЫ БАР ҮЙ,ҚАЗЫНАЛЫ ҮЙ**                  

Ардагерлерді құрметтеу біз үшін үлкен қуаныш тағы туған күн жалғасып жатыр. 1,2-дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері Жапаш Кашеков ақсақалымыз 95 жасқа толып отыр.

АТА2.jpg

Қиян кескі соғыста атамыз Қиыр Шығыс майданында болады. Жапонияны азат етуге қатысады. Маршал Жуков өткен1-ші Белоруссия майдан жолдарындағы шайқаста ерен ерлік көрсетеді. Маршал Жуковтың ерлік медалімен марапатталады. Соғыстан оралғаннан кейін Жапаш атамыз Ақмола облысының әртүрлі шаруашылықтарында жүргізуші болып еңбек етеді. Тың және тыңайған жерлерді өңдеу жұмыстарына белсене қатысады. Бүкіл саналы ғұмыры еңбекпен,бойындағы имандылығы,адалдығымен,адамгершілік қасиетке толы болды. Мерей тойымен құттыктап,зор денсаулық,отбасына амандық,жан жағы тегіс аман болып,рахат өмір кешсін деп тілек білдіріп,Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесін бірге тойлауға Алла нәсіп етсін деп тілек білдіреді

AUDIO-2021-05-20-20-50-11.mp3

                         Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесі