Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

АТАДАН-АМАНАТ, ҰРПАҚҚА-ҰЛАҒАТ!

ЕЛОРДАЛЫҚ АҒА БУЫН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

2021 ж. 16 маусым сағат 11.00 де Қалалық ардагерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Активное долголетие » орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы және қалалық ардагерлер ұйымының құрылуының 30 жылдығы аясында еліміздің өніп өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан зейнет жасындағы аға ұрпақ өкілдерінің Қазақстан Республикасының № 5573 Ұлттық Ұланының Құрмет қарауыл ротасы сарбаздарымен кездесуі өтті. «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕРІКТЕСІ «Atamnyn Amanaty» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКПЕН КӨЗДЕГЕН "АТАДАН-АМАНАТ, ҰРПАҚҚА-ҰЛАҒАТ" НЕГІЗГІ МАҚСАТ ОРЫНДАЛДЫ.

ұландар.jpg

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, қалалық ардагерлер Кеңесінің 30 жылдығына арналған ұрпақтар сабақтастығы кездесуіШақырылған зейнеткерлер 30 адам, 10-Жас Ұлан Қазақстан Республикасының №5573 Ұлттық Ұланының Құрмет қарауыл ротасы жауынгерлері. Барлығы ұйымдастырушылармен 50 адам қатысты.Шара басында салтанатты түрде мемлекеттік Ту кіргізіліп Гимн орындалды.

гимн.jpg

Кіріспе сөзінде қалалық ардагерлер Кеңесінің Төраға орынбасары Дүйсенов Е.Қ ардагерлерімен жыл басынан атқарылған жұмыстарына тоқтап, Кеңес жұмысының белсенді ардагерлерінің үлесін атап өтті. Соңында мерейтой иелері мен үздіктер марапатталды, шақырылған еңбек ардагерлері, 30 белсенді аға буын өкілдеріне 15000 теңгелік сертификат тапсырылды.

сертификат.jpg

   Сыздықов А.Х. қалалық ардагерлер Кеңесінің  тұңғыш төрағаларының бірі, Пленум мүшесі, Қоғам қайраткері «Ардагерлер ұйымы» Орталық Кеңесінің «Құрметті  грамотасымен» және қалалық ардагерлер Кеңесінің «Алғыс хатымен»75 жылдық мерей той құрметімен марапатталды

сыздыков а.х..jpg

Бапишев К.С «Байқоңыр» аудандық ардагерлер ұйымының Төрағасы «Ардагерлер ұйымы» Орталық Кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды .

бапишев к.с..jpg

Сөз кезегінде «АTAMNYN AMANATY» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Сағымбаева Әлия Нұрпаевна қатысушыларды құттықтап, Қоғамдық Қордың мақсатымен таныстырып, бүгінгі күніндегі жетістіктерімен бөлісті.

спонсоры.jpg

Кезекте ардагерлердің жастарға «Атадан- Аманат, Ұрпаққа -Ұлағат» аманатын тапсыру рәсімі өтті. Бапишев К.С. ардагерлератынан аманаттың мәтінімен таныстырып, соңында бата тілегін берді.

бата.jpg

Қалалық ардагерлер Кеңесінің Төрағасының орынбасары Дүйсенов Е.Қ Қазақстан Республикасының № 5573 Ұлттық Ұланының Құрмет қарауыл ротасының 10 жауынгері-Тәуелсіздіктің құрдастарына АМАНАТТЫ тапсырды.

рақмет.jpg

Қазақстан Республикасының №5573 Ұлттық Ұланының Құрмет қарауыл ротасы жауынгерлерінің атынан Төребаев Асабек Жайылханұлы, Турсунов Фарух Рахимжанұлы аға буынның аманатына сеніммен ризашылығын білдіріп, құттықтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан №5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлердің кездесудегі АМАНАТ ҚАБЫЛДАҒАН ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕР

  1. АМАНТАЕВ АЙҚЫН РОЛАНҰЛЫ
  2. ТӨРЕБАЕВ АСАБЕК ЖАЙЫЛХАНҰЛЫ
  3. САРБАЙ АЗАМАТ АЛТАЙҰЛЫ
  4. МУХТАР МИРЛАН АРМАНОВИЧ
  5. МОЛДАХМЕТ ӘДІЛЖАН ЕРЛАНҰЛЫ
  6. ҒАЗИЗОВ РАХАТ ТҰРАҚБАЙҰЛЫ
  7. СЕРИКБАЕВ НУРМАН НУРБОЛОВИЧ
  8. СӘКЕН ДИАС АМАНЖОЛҰЛЫ
  9. ТУРСУНОВ ФАРУХ РАХИМЖАНҰЛЫ
  10. УЗБЕК ЕРСАЙД ТӨЛЕКҚОЖАҰЛЫ
  11. ЖАЗИТОВ ДИАС АМАНГЕЛЬДИНОВИЧ

общая.jpg

Ұрпақтар сабақтастығы «Атадан -Аманат, Ұрпаққа-Ұлағат» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кездесудің соңында қатысушылар «Елорда» ардагерлер хоры ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады.

                                                Нұр-Сұлтан қаласы, маусым, 2021 жыл,
                                                     ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ