ҚАЗАҚСТАН мен ВЕНГРИЯ арасында достық пен мәдениет нығаюда!
Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ-нің ардагер — ғалымы Венгрияның (Мажарстанның) ұлттық мейрамын тойлауға қатысты.
Вниманию г-жи Искаковой Кульзиры Идрисовны


Венгрияның төтенше және өкілетті Елшісі жоғары мәртебелі
Ференц ЦОМБОШ мырза
«Қазақстан мен Венгрия арасындағы достық пен мәдениет Ассоциациясының» вице-президенті (1991-2022жж),кейінгі жылдары аталған Ассоциацияның мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Астана қаласы мен Алматы ауданы Ардагерлер кеңестерінің Президиум мүшесі, философия ғ.к., профессор Искакова Күлзира Идрисовна ҚР Венгрияның Елшілігінің шақыруымен Венгрияның ұлттық мейрамын тойлауға қатысты. Салтанатты жиында ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері,бірнеше елдердің елшілері мен ғалымдары еркін пікір алмасу, фуршет түрдегі шәй ішу барысында: «Мажар халқы бостандық пен ұлттық тәуелсіздік үшін күресті. Әлемге 1956 жылғы 23-ші қазан күні бостандық, төзімділік және демократия бәріне өздігінен беріле салатын сый емес екенін үнемі еске салады: кей жерлерде адамдар осы құндылықтар үшін өмірін құрбан етуге мәжбүр.Әлем бойынша көптеген халықтар Мажар революциясын үмітпен және жанашырлықпен бақылап отырды. Көптеген адам еріксіз босқын болғандарға көмектесіп, бостандаққа деген ұмтылысын түсініп мажар халықпен ортақ болды. Алайда халықаралық ынтымақтастық қайғылы оқиғаның алдын ала алмады. Кеңес әскерінің араласуы революцияны басты, ал Мажарыстанға бостандығын қайта қалпына келтіру үшін тағы да ондаған жыл күтуге тура келді.Алайда революцияның әскери жеңілісі оның идеяларының жеңілісін білдірген жоқ. Сондықтан біз бүгін революцияның қаhармандары мен шейіттерін тек қайғымен ғана емес, мақтанышпен және ризашылықпен де еске аламыз»,- деген ортақ ой білірді.

К.И.Искакова да Венгрияның жаңадан тағайындалған Елшісі жоғары мәртебелі Ференц Цомбош мырза мен оның жұбайы Эрика Цомбош – Цакр ханыммен танысып, ҚР дағы Елшілік қызметтеріне сәттілік тілеп,алдағы кезеңде бірлесе атқаратын іс-шаралар туралы пікір алмасты.
К.И.Искакова - Астана қаласы мен Алматы ауданы
Ардагерлер кеңестерінің Президиум мүшесі.