**Қазақстандағы инженерлік-құрылыстық білімінің бастауларына арналған салтанатты жиын**
Қазақстандағы инженерлік-құрылыстық білімінің бастауларына арналған салтанатты жиын
2024 жылғы 20 желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразя ұлттық университетінде бұрынғы Целиноград инженерлік-құрылыс институты, бүгінгі Сәулет-құрылыс факультетінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Қазақстандағы ниженерлік-құрылыстық білімінің бастаулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Целиноград инженерлік-құрылыс институтының түлектері, профессор-оқытушылар мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Жиынды «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов ашып, мерейлі датаның мәні мен маңызына тоқталды. Ректор Целиноград құрылыс институтының шежіресі сонау 1964 жылы бастау алған және бұл шежіре үзілмей, даңқты дәстүрлерді сақтаумен және оқыту сапасын үнемі арттырумен жалғасын тауып, техникалық мамандықтар бойынша студенттерді даярлау осы жылдар бойы үзілген жоқ және қазір дамудың жаңа кезеңінде – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрамында сәтті жалғасуда екенін айтты, Негізгі баяндаманы Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов жасады. Сансызбай Есілов - Целиноград инженерлік-құрылыс институтының түлегі, экономика ғ.к., қоғам қайраткері өзінің туған қаласы Астананың салынып, өсіп-өркендеуіне Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген жас мамандардың өз үлестерін қосқандарын нақты мысалдар келтіре айтты. Сонымен бірге, олар қажырлы, жігерлі еңбегі арқасында биік жетістіктерге жетіп, қаламыздың, республикамыздың түрлі салаларында негізінен басшы, жетекші кызметтер атқарды және де әлі де атқаруда деген мәліметтерді жиналған қауымға жеткізді. «Целиноград инженерлік-құрылыс институтының құрылғанына алпыс жыл - маңызды дата. Бүкіл қызмет ету кезеңінде ЦИСИ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультеті 25 мыңнан астам техникалық мамандарды дайындады. «BI Group» құрылыс холдингі ЕҰУ-дың Эндаумент қорына 100 миллион теңге аударды. Ректорға қомақты сомаға сертификатты Еуразия ұлттық университетінің түлектері, «BI Group» холдингінің басшылығы Айдын Рахымбаев пен Бауыржан Исабаев табыс етті. Бүгінгі таңда түлектеріміз Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік органдарында, өндіріс және оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, көлікте және экономиканың басқа да салаларында табысты еңбек етуде. Білікті құрылыс кадрларын даярлау мәселесі Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде тұрғын үй және жол құрылысының жоғары көлемі мен қарқыны, сәулеттік келбеті мен құрылыс жұмыстарының өзектілігі бүгінгі күнге дейін төмендеген жоқ... Салтанатты шара барысында университетте ұзақ жылдар бойы еңбек еткен бір топ ғалымдар Еурзия ұлттық университетінің ең жоғары наградасы «Күлтегін» және «Гумилев» медалімен,Басқарма төрағасы Ерлан Сыдықовтың Алғыс хатымен марапатталды. Солардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 50 жыл ішінде кафедра оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, біліктілікті жетілдіру институты деканы, сырттай өқу факультеті деканы, Қазақстан тарихы кафедрасы профессоры қызметтерін атқарған Күлзира Искакова да Басқарма төрағасы Ерлан Сыдықовтың Алғыс хатымен марапатталды. Автор:Искакова Күлзира,философия ғ,к., профессор, Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана қ,мен Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі Президиум мүшесі