Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕРЛІГІ

Бүгін Астана қаласында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» атты әскери-патриоттық акциясы өтті

Өткізілу уақыты: 2023 ж. 16 қараша сағ.10:45-11:30

Өткізілу орны: «Жерұйық» паркі. Б.Момышұлы Даңғылы. Қатысушылар: ҚР ҚК ардагерлері: Астана қалалық ардагерлер ұйымдарының өкілдері, төрағасы қоғам қайраткері Есілов Сансызбай Сейтжанұлы, отставкадағы генерал-майор Марат Сералыұлы Нагуманов, запастағы авиация генерал-майоры Алсай Төлеуұлы Джуманов, Астана қаласы мәслихаты депутаты Динара Аманболқызы Уразалина, Тыл ардагерлері, Ауған соғысы және аумақтық қақтығыстар ардагерлері, Астана қаласының әскери кафедраларының басшылары мен студенттері, ҚР ҚМ Әскери колледжі ұландары, мектеп оқушылары және мұғалімдері, жас толым командасы. ҚР ҚМ Орталық оркестрі. Диктор: Қайырлы күн! Ардақты ардагерлер! Қадірменді қонақтар! «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» әскери-патриоттық акциясына қош келдіңіздер! Диктор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні! (Орталық оркестрдің орындауында)

ГИМН.jpg

ОРКЕСТР.jpg

Қатысушылар саны: 250 адам. Диктор: Қайырлы күн! Ардақты ардагерлер! Қадірменді қонақтар! «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» әскери-патриоттық акциясына қош келдіңіздер! Диктор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні! (Орталық оркестрдің орындауында) Екінші Дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр, ең көп адам шығыны болған соғыс болып қалады. Алты жылға созылған бұл соғысқа әлемдегі 1 миллиард 700 миллион халқы бар 61 мемлекет, яғни адамзат баласының 80% пайызы қатысты. Әуеде, жерде және теңізде жүргізілген ұрыс қимылдарына 120 миллион адам жұмылдырылыпты. Әлем 55 миллион адамнан айрылды. Осы Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихындағы шешуші сәттердің бірі – бұл 1941 жылғы 16 қарашада Москва түбіндегі шайқастардың ішінде Дубосеково разъездіндегі болған 28 батыр-панфиловшылардың өшпес ерлігі. Ұлы ерліктің 82-жылдығына орай өткізіліп отырған Салтанатты шарамыздың ашылу сөзі «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Сералыұлы Нагумановқа беріледі.

генералы.jpg

Диктор: Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған қазақстандық 316-атқыштар дивизиясы әскери жарғы бойынша 8-12 шақырым майдан шебін қорғауға тиіс болған. Ал 1941 жылдың күзінде дивизия 41 шақырым майдан шебі бойынша қорғанысты қамтамассыз етті. Бұл өз мүмкіндіктерінен 4 есе көп еді. 1941 жылдың 16 қарашасында 316-атқыштар дивизиясы өз шебінің барлық көлемі бойынша ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Қазақстандықтар барлық бағыттарда жаппай ерліктің үлгісін көрсете білді. Жаудың армиялық төртінші танктер тобының басты күштерінің шабуылына төтеп берді. Күзгі ұрыстар тарихының шешуші күні осы күнгі ұрыстар болды десек қателеспейміз. Өйткені Отан үшін жау шабуылын бір сағат, бір минутқа тоқтату – бұл қорғанысқа резервтер жеткізу үшін ауадай қажет еді. Келесі сөз кезегі «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының төрағасы Есилов Сансызбай Сейтжанұлына беріледі.

ЕСИЛОВ С.С.jpg

Диктор: Аға буынның ерліктерін еліміз ешқашан да ұмытпайды. Сол ұрыстарда 16-18 қараша күндері панфиловшы-батыр Бауыржан Момышұлының басқаруындағы батальон да Волоколамск тас жолы бойындағы Матренино селосын үш күн жауға бермей қоршауда айқасты. Бұл үш күнде жаудың алға жылжуына жол бермеген Бауыржан Момышұлы қоршаудан батальонның жеке құрамын шығынсыз аман алып шығып өз дивизиясына қосылды. 17 қараша күні дивизия «Жауынгерлік Қызыл ту» орденімен наградталды. Қазақстандықтардың өшпес ерліктері үшін 1941 жылғы 18 қарашада 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық двизия атағына ие болды. Дәл сол күні дивизия командирі генерал-майор И.В.Панфилов алғы шептегі бақылау пунктінде ұрыс кезінде қаза тапты. Дивизияға генерал-майор И.В.Панфиловтың аты берілді. Ал саяси жетекші Василий Клочковтың басшылығымен соғысқан 28 батырдың ерлігі әлемге тарады. Сөз Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Сағынбеков Айдын Айтбайұлына беріледі.

ДЛЯ ГР..jpg

Диктор: Жас ұрпақ атынан Сөз армия генералы, Кеңес Одағының батыры, 1-Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің ұланы Оразбаев Мансұр Жанатұлына беріледі.

НУРМАҒАМБЕТОВ С..jpg

Диктор: Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін жан қиған аға ұрпақтың мәңгік ерліктерін есте сақтайық! Бейбітшілік үшін арпалысқан батырлар ұрпақ үшін

БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНАДЫ!

МИНУТА МОЛЧАНИЯ.jpg

Диктор: Батыр-қазақстандықтардың ескерткіштеріне ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛСЫН!

ВОЗЛОЖЕНИЕ3.jpg

ЗАЩИТНИКИ ОТЕЧЕСТВА.jpg

Диктор: Ардақты ардагерлер! Қадірменді қонақтар! Сарбаздар! «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» әскери-патриоттық акциясы осымен аяқталды! Барлықтарыңызды ұжымдық суретке тусуге шақырамыз!

ЕЛОРДА.jpg

                **АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ**