Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҚАЖЫ,ҰСТАЗ,АҚЫН,КОМПОЗИТОР...

ОСПАН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ МЕРЕЙЛІ 75 ЖАСТА

Бүгін Астана қаласының еңбек ардагері,Қажы Оспан Сүлейменұлының туған күні! Ақмола өңірінің Жаңажол ауылында, Сарыарқаның төсінде кіндік қаны тамып, осы өлкеде өсіп, білім алып, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлес қосып, елу бес жылдық еңбек өтіліңізді білім саласына арнаған ардақты ұстаз, 75 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын! Көнеден келе жатқан қазақтың қасиетті домбырасымен Германия, Польша, Венгрия, Чехославакия елдерінде өнер көрсетіп, ұлт аспаптар оркестірінің дирижері ретінде қосшекті домбараның үнін және асқақтатып, халықаралық дәрежеде танымал болдыңыз,өзіндік із қалдырдыңыз. «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызыметкері»,«Ы.Алтынсарин» төс белгісі иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі,«Еңбек ардагері» медалі, Құрметпен зейнеткерлікке шықсаңыз да қоғамдық жұмыста өз үлесіңізді өскелең ұрпақтың санасына ата-баба дәстүрін ұлттық нақышында баулу бағытында белсенділік арттырып жүрген жансыз. Қадірлі Оспан ҚажыСүлейменұлы! Елу жылдық мерейлі де үлгілі отбасы, мәуелі бәйтерек иелері өзіңіз және Айсұлу Жылқыбайқызы жеңгеміз тәрбиелеп отырған немерелеріңіз бен шөберелеріңіз азаматтық биікке шығып, ата-ана ұлағатына адал болып, алтын ғасырларыңыз шырайлы, денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз ғұмырлы болсын!

40e01cd1-84d6-4b69-b427-e2f1acf4e3b7.jfif

001.bmp

002.bmp

3қажы.jfif

                Астана қаласының ардагерлер кеңесі 01.02.2023жыл