Бапишев Кенжеболат Сапарұлы!
"Бапишев Кенжеболат Сапарұлы – елордамыздың әлеуметтік саласының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға".
Көптеген жылдар бойы Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығын басқарып, әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына, маңызды бағдарламалардың әзірленуі мен жүзеге асырылуына айтарлықтай үлес қосты. Кенжеболат Сапарұлы – кәсіби саладағы көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» атағы бар.
«Байқоңыр» ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде Кенжеболат Сапарұлы өз тәжірибесі мен күш-жігерін қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және ардагерлер қозғалысын дамытуға арнады. Оның ерен еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл оның қоғамға қызмет етудегі үлкен үлесін айқындайтын маңызды марапаттардың бірі. 70 жылдық мерейтойына орай, осы көрнекті тұлғаға деген терең алғыс пен құрметімді білдіремін. Кенжеболат Сапарұлына зор денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат және ұзақ ғұмыр тілеймін! Оның еңбегі мен жетістіктеріне деген құрмет белгісі ретінде, дәстүр бойынша, мерейтой иесіне шапан сыйладым. -""-""-""-"" Бапишев Кенжеболат Сапарұлы – человек, чья многолетняя деятельность стала неотъемлемой частью социальной сферы столицы. Руководя на протяжении многих лет Центром социального обслуживания «Шарапат» акимата города Астаны, он внес весомый вклад в развитие системы социальной защиты, разработку и реализацию значимых программ. Кенжеболат Сапарұлы – обладатель множества профессиональных наград, в том числе звания «Лучший работник системы социальной защиты» РК. На посту председателя Совета ветеранов района «Байқоңыр» Кенжеболат Сапарұлы направил свой опыт и энергию на улучшение условий жизни горожан, а также на развитие ветеранского движения в столице. Его выдающиеся заслуги были высоко оценены, в числе наград – орден «Құрмет», подчеркивающий его огромный вклад в служение обществу. В честь 70-летнего юбилея выражаю глубокую признательность и уважение этому выдающемуся человеку. Желаю крепкого здоровья, счастья, неиссякаемой энергии и долгих лет жизни! В знак благодарности и уважения к его труду и заслугам, по доброй традиции, юбиляру подарил чапан.**
**Астана қалалық ардагерлер кеңесі.**