Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

БҰҚАРБАЙ БАТЫР-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бұқарбай батырға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ЕНУ 1.jpeg

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тарихшылардың ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігі мен «Бұқарбай батыр» халықаралық қоғамдық қоры 2024 ж.24 сәуірінде «Ұлт тарихындағы батырлар институты: жаңа деректер мен жаңаша көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Модератор ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған конференцияны жүргізді. Конференцияда баяндама жасағандар: Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Астана, Қазақстан); Зиябек Ермұқанұлы Қабылдинов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Алматы, Қазақстан); Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ыстамбул, Туркия); Кәбіл Нәсіпбекұлы, Монғолия мемлекетінің Клиника профессоры, медицина ғылымдарының магистрі, халықаралық дәрежелі кеңесші хирург, Моңғолия мемлекетіне еңбек сіңірген дәрәгер (Ұланбатыр, Моңғолия); Мақсат Алпысбесұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, (Астана, Қазақстан); Оңтуған Қажекберұлы, әуесқой тарихша, жазушы, шежіреші (Ұланбатыр, Моңғолия); Миядаг Тогтауханқызы Тогтаухан, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер (Астана, Қазақстан); Жақан Мұқамедиярұлы, кәсіпкер, жергілікті әуесқой өлкетанушы (Қарағанды, Қазақстан); Байахмет Жұмабайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, этнограф, публицист жазушы, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі (Алматы, Қазақстан); Қайрат Айдарханұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті профессоры, «Шипалы» емдеу орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты (Астана, Қазақстан) .Баяндамашылар ХVІІІ - ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен, аты шулы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ даласын қорғау жолында Абылайханның алғашқы іріктелген жиырма бес батырының бірі «ақ буралы, атойшы, ерке батыр» атанған Бұқарбай Елтоқұлының (1690-1780жж.) ерлікке толы өмірін өте ұғынықты, қызықты, әрі сирек кездесетін тарихи деректер келтіре отырып таныстырды. Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысқан студент, магистрант жастар баяндамаларды зор ықыласпен тыңдап, қабылдап, бойларына батыр бабаларының туған Жерін, Елін қорғау үшін жүргізген ерлік өнегелеріне ризашылық, мақтаныш , отансүйгіштік сезімдерін ұялатты.

ЕНУ2.png

«Ұлт тарихындағы батырлар институты: жаңа деректер мен жаңаша көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Тарихшылардың ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің тұрақты мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Искакова Күлзира Идрисовнаға «Бұқарбай батыр» халықаралық қоғамдық қорының директоры Байахмет Жұмабайтегінің атынан Алғыс хат пен Сертификат тапсырылды.

            Искакова Күлзира, Л.Н.Гумилев атындағы
         ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана  қаласы және Алматы ауданы Ардагерлер  кеңестерінің Президиум мүшесі