Бата бере білесіз бе?
Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің «Ата-әжелер әлемінің» клубының кезекті отырысы «Күйші Дина» шағын орталығында өтті. Тақырыбы – «Қазақ халқының батасы – ұрпаққа бағдар». Жиынға елудей ата-әжелер қатысты. Жиынды Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Байболов Сайлаубек Дүйсенбекұлы ашып, жиналғандарға Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілі Аширов Амангелді, Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің президиум мүшелері Садуақасова Б.Т, Акишева У.А, «Ата-әжелер әлемі» клубының жетекшісі Касенова Б.Қ. және бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларымен таныстырды. Тақырыпқа сай өзінің шығармашылығымен таныстырып, анаға, әкеге, ағаға, балаға, ініге, апаға, қарындас, сіңліге арнаған шумақтарын оқып берді. Жиынға қатысушыларға бата берудің мағынасына қарай жастарға тәрбиелік мәнін жеткізді. «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» — дей келіп, жақсы орынды айтылған баталар адамдарды қанаттандырады, ізгілікке, тәртіпке, адамгершілікке шақырады. Ата деңгейіне жеткен ардагерлер бата беріп қана қоймай, оның қазақтың діни және салт-дәстүрін мәнін айтып, ұрпаққа жеткізе білу керектігін ескертті.
Келесі кезекте «Ата-әжелер әлемі» клубының жетекшісі Балкен Қыстаубайқызы батаның тәрбиелік мәні, бата түрлері туралы жиналғандарға айтып беріп, бата түрлерін таратып берді.
Қалақов Жеңіс ақсақал «Киелі сөз» деген тақырыпта өз пікірін білдіріп, жиналғандарға бата берді.
Бекежанов Мәжит ақсақал қазақ халқының қонақжайлылығы, бата берудің мәні мен мазмұнына тоқталып, жастарға тәрбие беру керектігін айтты.
«Жігер» бастауыш ұйымының төрағасы О.Балқембаев батаның бүгінгі күнгі маңызы туралы ой бөлісті.
«Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы Ә.Ералы мырза да қазақ қоғамының алдында тұрған міндеттерге маңыздылығы туралы айта келіп, қаланың басқа да аудандарына тәжірибе алмасу керектігін айтты.
Клубтың төрайымы Б.Қ. Қасенова 2018 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды, осындай кездесу басқа да бастауыш ұйымдарда өтетін айтты.
Жиынның соңында «Күйші Дина» шағын орталығының зейнеткерлеріне Сайлаубек Дүйсенбекұлы жалпы бата берді.
«Ата-әжелер әлемі» клубының жетекшісі
Қасенова Балкен Қыстаубайқызы