Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Беларусь Елшілігіндегі құрмет

Беларусь елшілігінен ардагерлерге құрмет!

Қаңтардың он жетісінде, Беларусь Елшілігінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласының соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Қан майданнан аман келген елордалық жеті жауынгер: жүз жастағы Мамыров Сихымбай мен Торкин Александр және Каримов Жүнүспек, Кочетков Михаил, Сердюков Василий, Тютюн Иван, Сейсебаев Жақан Белорусияның қорғауына қатысқан жерлестеріміз.

Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов құттықтау сөздерінде соғыс ардагерлеріне алғысын білдіріп, естелік медальдарын тапсырды.

Аталған шараға елшілік қызметкерлерімен бірге «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Орталық Кеңесі төрағасының орынбасары Бекмағанбет Көпболсын Әбдікешұлы мен Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер қоғамдық ұйымының кеңесшісі Аширов Амангелді Абдуахитұлы қатысып, Беларусь елшілігіне алғыс білдіріп, естелікке кәдесыйлық тапсырды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің Кеңесшісі С.Меңлібаева

FullSizeRender (1).jpg

FullSizeRender.jpg

PHOTO-2020-01-18-12-33-43.jpg

PHOTO-2020-01-18-12-33-44.jpg