Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Зейнеткерлердің ұзақ өмір сүру жағдайы мемлекет назарында

20 маусым күні Алматы ауданы және 21 маусым күні Сарыарқа ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ғимараттарында Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С.Есіловтің жетекшілігімен «Аға буын азаматтардың жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» Ұлттық жоспарының орындалуы туралы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Бұл жиынға Алматы, Есіл,Сарыарқа және Байқоңыр ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағалары мен төралқа мүшелері, ардагерлердің бастауыш ұйымдарының төрағалары, аудандардың әкімдігінің бөлім басшылары шақырылды.

2 встреча.jpg

4 встреча.jpg Сансызбай Сейтжанұлы кіріспе сөзінде 2021 жылы қабылданған бұл бағдарламаның мақсаты аға буын ардагерлеріміздің денсаулық-салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру және қамқорлыққа, күтімге мұқтаж адамдарға медициналық, әлеуметтік қызметтерге қолжетімді ету екендігін сөзге тиек етіп, осы бағытта атқарылған қыруар жұмыстар барлығын айтты. Бұл дөңгелек үстелге арнайы шақырылған Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Скуб И.В., қалалық денсаулық басқармасының басшысы Муратов Т.М., қалалық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы Жантеміров Қ.Қ. және қала әкімдігі ішкі саясат департаментінің басшысы Бабамұратов Д.А Ұлттық жоспардың орындалу барысы жайлы тұшымда баяндамалар жасады. Баяндама бойынша 2021 жылы іске қосылған бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында ауқымды іс-шаралар атқарылғаны айтылды. Атап айтқанда Астана қаласының төрт ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашылып, қарттардың жүйелі бос уақыттарын ұйымдастыруға жағдай жасалған. Бұл ғимараттарда жоспарланған әлеуметтік қызметтер тізімінде: -әлеуметтік сауықтандыру:жаттығу терапиясы, тыныс алу жаттығулары, Әлеуметтік-медициналық көмек-дәргердің, психологтардың кеңесі, салауатты өмір салты бойынша лекциялар., -құқықтық және қаржылық сауаттылық, интернет-алаяқтың алдын алу бойынша мамандардың кеңестері.,арт терапия, еңбек терапиясы ( тоқу,тігу, безендіру, қолдан жасалған силықтар)., -тілдерді үйрену, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал, тақырыптық кештер, конкурстар мен викториналар көрсетілген және бұл жұмыстар тыңғылықты орындалуда. Осындай орталық жаңадан ашылған Нұра ауданында да орын теппек. 5 встреча.jpg

7 встреча.jpg

1.jpg Осы таңда Астана қаласы бойынша емханалар жанынан гериатриялық кабинеттер де ашылып өз жұмысын бастауда, нәтижесінде егде жастағы адамдар бала-шағамен кезекте тұрмай, өздеріне ғана арналған терапевт дәргермен жүздесетін болады. Сонымен қатар Қатаркөл демалыс кешенінде жыл сайын 4 мың зейнеткердің демалуына жағдай жасалғаны, 190 мың зейнеткерлер мен мүгедектерге тегін дәрі –дәрмекпен қаматамассыз етілгені, және қала бойынша автобустарда зейнеткерлердің тегін жүруі де айтылды. Әсіресе тіс протезіне деген сұраныс 3 мың адамнан асады екен. Оған бөлінетін қаржы әр адамға шаққанда 90 мың есебінде. Бірақ алдағы жылы тіс протезіне бөлінетін қаржы әр адамға шаққанда 250 мың теңгені құрап, 4 мың адамды емдеу жоспарланып отыр.

4.jpg

5.jpg

8.jpg Жиналысқа қатынасып отырған зейнеткерлер мен ардагерлер шенеуіктердің ауқымды баяндамаларын қолдай отыра әлі де егде адамдарға көрсетілетін көмектің сапасы жайлы сұрақтар беріп, жиналыстың тартымды өтуіне мүмкіндік жасады. Дөңгелек үстелге Астана қаласы маслихатының депутаты Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы қатынасып, бұл маңызды мәселенің қала маслихатының отырысында қаралатынын айтты. Осы жиынға қатысып отырған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының басшысы Еркетаев М.Д. талқыланған мәселелерге өз пікірін айтып, ризашылығын білдірді.

                    **Алматы аудандық медиа
                      тобының төрағасы   М.Әдірешев**