Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

"БІЛІМТАНУ АРДАГЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ"

Астананың ардагер – ғалымдары «Білімтану ғылыми зерттеу орталығын» құрды

2024 жылдың шілде айының 19 да Туран-Астана университетінің Ғалымдар Кеңесінің шешімімен ашылған Білімтану ғылыми зерттеу орталыңының» тұсаукесері өткізілді. Ғылыми зерттеу орталығы университетте жүргізілетін іргелі, қолданбалы және инновациялық негіздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіруді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу бағытындағы мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруды басқарады, ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Ғылыми зерттеу орталығы жұмысының негізгі мақсаты - ғылыми-инновациялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу жұмыстары сапасының ұдайы өсуін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ ғылым мен білімнің байланысын және профессор – оқытушылар құрамы мен білім алушылар жүргізетін ғылыми-зерттеулердің тәжірибелік маңыздылығын нығайту болып табылады

yferf.jpg

Тұсаукесерге қатысқан: Алиев Орақ Жолмұрзаұлы, ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан экономикалық ғылымдар академиясының вице-президенті, Аубакиров Тоқтар Оңғарбаевич, ұшқыш-космонавт, Халық Қахарманы, т.ғ.д., «Тұран-Астана» университетінің профессоры; Байназаров Ғалым Байназарович, ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы, экономист-қаржыгер, ҚР мемлекеттік және қоғам қайраткері; Жапарова Гүлжамал Алкеновна, «Тұран-Астана» университетінің ректоры, э.ғ.к., профессор; Искакова Күлзира Идрисовна, филос.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ профессоры; Зекейұлы Жасан, м.ғ.д., профессор, «ЖасАй» медициналық орталықтың президенті; Мусиров Ғалым, э.ғ.к., К.Жұбанов ат. Батыс Қазақстан аймақтық университетінің профессоры; Мұхамбетжан Аблай Жортабаевич, ф.ғ.к., доцент, ҚазТБУ профессоры; Нагуманов Қайырбек Сартаевич, ғылымтанушы, ерікті зерттеуші; Нұрамет Досмухамбет Нұрахметович, философия докторы (Германия), мемлекет және қоғам қайраткері; Смоилов Самат Жұмағалиевич, «Тұран-Астана» университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры; Тасболатов Абай Бөлекбаевич, т.ғ.д., «Тұран-Астана» университетінің профессоры, мемлекет және қоғам қайраткері; Усембаев Смадияр Рахимович, ф-м.ғ.к, доцент, «САНА» Академиясының президенті; Шимшиков Жангелді Ерденович, э.ғ.к., «Тұран-Астана» университетінің доценті, Елекеев Ирак Қасымович, мемлекет және қоғам қайраткері; Құдайбергенов Қуандық Чингизович, ҚР ұлттық спорт жоғары мектеп директоры тұсаукесерде келесі мәселелерді келесі оқу жылында іске асыруды жоспарлады: • ЖОО жоспарының негізгі бағыттары бойынша университеттің құрылымдық бөлімдерінің іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру; • Жоо ларда ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер және өзге де ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру; • Университет қызметкерлері мен ОПҚ бағыты бойынша ҚРҒЖБСҚК мақұлдаған журналдарда мақала жариялау сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау; • Түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға магистранттар мен студенттердің қатысуын ұйымдастыру және бақылау. •
Туран-Астана университетінің Ғалымдар Кеңесінің шешімімен ашылған «Білімтану ғылыми зерттеу орталық» баршамызға құтты болсын! Алла бұйырса осы жаңадан ашылған Білімтану зерттеу орталығы Еліміздін, Қоғамымыздын, әсіресе Жастарымыздың дамуына өз үлесін қосады деп СЕНЕМІН.

             Искакова Күлзира, Л.Н Гумилев ат. 
             ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, 
             Астана қалалық және Алматы ауданы
             Ардагерлер кеңестерінің Президиум  мүшесі