«Бір ел –бір кітап 2025» республикалық акциясы
«Бір ел –бір кітап 2025» республикалық акциясы
«Кітап оқудың пайдасы» атты тақырыпта кездесу
2025 ж сәуір айыны басынан елімізде «Бір ел –бір кітап 2025» республикалық акциясы басталды. Осыған орай , 8 сәуір күні Алматы ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Кітап оқудың пайдасы» атты тақырыпта кездесу өтті.
Кездесуді Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Қарлығаш Ахметова ұйымдастырды. Ұлағатты іс-шараға «Еуразия» ардагерлер үйымының төрайымы Күлзира Искакова, құрметті ардагер Амангелді Әшіров шақырылды.Кездесудің негізгі қонағы - Баянды ӘЛПИ (Баян Бұлғақбаева) - Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің мүшесі, журналист, ақын, жазушы. Кездесудің модератоы ӘЛПИ Баяндының өмірбаяны мен жарық көрген кітаптары туралы кеңінен баяндап берді.Бұдан кейін кездесуге шақырылған Амангелді Әшіров автордың өзі оқыған шығармалары жайында баяндаса, Күлзира Искакова бұл күндері Баянның ардагерлер Кеңесінде атқарып жүрген жұмыстарына тоқталды. Автордың өзі болса, кітап оқығанның пайдалы екеніне кеңінен тоқталды.
АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ
Сәуір айының 7 күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақын, мәдениет қайраткері, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқовпен кездесу өтті. Кештің модераторы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбаев.Кездесуге университеттің Ардагерлер ұйымы төрағасы Күлзира Искакова, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің мүшелері Раушан Секеновна, Баян Бұлғақбаева қатысып, қызықты сүрақтар қойып, белсенділік танытты.
Бақытжан Тобаяқов қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы политехникалық институттында білім алған. Инженер-энергетика саласының маманы бола тұра әдебиетке деген ерекше құштарлығы оны КазМУ-дың жрналистика факультетіне алып келген екен. Бақытжан Тобаяқов көптеген өлең-жинақтардың, оншақты кітаптардың авторы.Бұл кеште Ақынның «Замана ағымдары-ай», «Мәңгі тілім», «Зеренді тау» сияқты көптеген жырлары оқылды.
**Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекпен кездесу кеші**
Кешті «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырды. Кешке Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, дипломтиялық қызмет ардагері Сайлау Батыршаұлы, профессорлар Серік Негимов, Рақымжан Тұрысбек, Болат Қорғанбек, университеттің «Ардагерлер» кеңесінің төрағасы Күлзира Искакова, «Отырар» ғырыми кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев және студенттер қатысты.
Жүргізуші – модератор , «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, Кенжеғали Мыржықбай әуелі кеш қонағының өмірі мен қызметі және шығармашылығы туралы мәлімет берді:.«Құлбек Ергөбек – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Егемен Қазақстан», «Жас алаш» газеттерінде, С.Мұқанов мемориальдық музей-үйінде, ЖОО-да проректор қызметін атқарған, бүгінде Қазақстан Жазушылар одағы басқарма мүшесі –хатшы.Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі», - деп сыншының бүгінге дейін 70-ке жуық кітабының жарыққа шыққанын, сондай-ақ шығармаларының орыс, түркі, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, түркімен тілдеріне аударылып басылғанын тілге тиек етті. Сұрақ-жауап форматында өткен кеште сыншыға әл алуан тақырыпта сауалдар қойылды және оларға толық жауап берілді. Сөзінің соңында : «Ұлт болашағы – балалар.Балалар әдебиеті дамымай, қазақ әдебиеті өспейді»,-деп атап өтті Құлбек Ер!
Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай жастарға мағыналы әңгімесі арқылы рухани ләззат сыйлағаны үшін қаламгерге алғыс білдіріп, кеудесіне отандық білім мен мәдениетке қосқан үлесі үшін «Күлтегін» медалімен марапаттады.
««Күлзира Искакова университеттің
«Ардагерлер» кеңесінің төрағасы»