Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

**«Ел іші-өнер кеніші».**

«Ел іші-өнер кеніші».

Халық арасында небір талантты адамды қай саладан да табуға болады. Ал өнер саласында ашылмай жүрген таланттар тіптен көп екен. Оны «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» ашылғаннан бері байқап жүрміз. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін белсенділігін арттырып денсаулығы мен сергектігін шыңдап пайдалы істермен айналысып жүргендер шынында да тыңайып жасарып бара жатқандай.

баннер.jpeg ансамбль.jpeg Қалалық ардагерлер кеңесі бастамашы болып өткізген «Ардагерлер көктемі» фестивалі өнер сүйер ардагерлердің ынтасын арттырып, шырағын жағып тың ойларға жетелеуде. Соның айғағы «Ғасыр сазы» анасамблі.

әріптестермен.jpeg

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған фестивальде танылып, жұртшылық назарын аударған бұл ансамбльдің құрылғанына бес ай ғана болыпты. Соған қарамастан қарттар күніне жеке концерт беріп көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді «Ғасырлар сазы» деген атыда дұрыс таңдалған екен. Ансабльде бес қатарлы баян, аккардион, домбыра, қобыз, үскірік, түрлі әуен шығаратын шылдырмақтар сияқты аспаптардың құлағында ойнаған шебер музыканттар бар. Олар арнайы музыкалық мамандық алмаған ел ішінен шыққан өнерпаздар екенін естігенде тіпті таң-тамаша болдық. Құрманғазының «Балбырауын» күйін бабына келтіріп орындағанда ешбір профессионалдан кем соқпайтындай. Нағыз Фольклорлық бағыттағы нсамбль.

дебют.jpeg басшылар.jpeg Ансамбльді ұйымдастырушы әрі көркемдік жетекшісі оқу ағарту саласының үздігі, халық творчествосы фестивалінің лауреаты, ақын, домбыра аспабының құлағында ойнайтын шебер, әнші, ұстаз Малика Нұралиева алғашқы жеке концерттерін «Ұстаздар күні» мерекесіне арнапты. 50 жыл мұғалім болып саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған Малика- ұстаз өз мамандығына құрметі мен адалдығын осылай дәлелдеді. Ансамбль мүшесі Еркін Сембаев өзі арнайы осы мерекеге «Мұғалима» деген ән шығарып оны өзі орындап берді. Бұл ансамбль құрамында ақын да, ән шығарушы әуесқойлар да бірнеше аспапты меңгерген музыканттар да жезтаңдай әншілерде жеткілікті екен. Ұстаздар күніне қарай дайындалған концерттке шақырылған ұстаздар мен орталықтың қызмет алушылары жаңа ансамбльдің алғашқы концертіне дән риза болып дуылдата қол соғып қошемет көрсетті. Ансамбль жетекшісі Малика Нұралиева ардагерлердің дамуына, өнердің өрісінің кеңейуіне жағдай жасап, осы концертке арнайы келіп дем беріп отырған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есілов пен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаевқа зор ризашылығын білдірді.

Шарипа Ә.jpeg қонақтар.jpeg

филармонияда.jpeg

таңшолпан қонағы.jpeg Концертке келген әріптестер Алматы ауданы "БҰӨСО" "Әдемі" ансамблінің жетекшісі Райгүл Оспанқұлова ансамбльдің алғашқы есептік концертімен және ұстаздар күнімен құттықтап, шашу шашып, ән орындады.Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Устемирова Ш.Ә алғысын білдірді. ұстаздар.jpeg

Ансамбльдің музыкалық жетекшісі әрі концерттің жүргізушісі Усербаев Ғазиз Берікбайұлы нақышына келтіріп аккардеонымен әндерді шебер сүйемелдей, концертті жүргізіп отырды. Жаңа ансабльдің дебюттік концерті «Ұстазым» әнімен оған көпшіліктің қосыла шырқауымен әдемі аяқталды. Біз «Ғасыр сазы» ансамбліне шығармашылық табыс тілеп, өнерлері өрістей берсін демекпіз.

                                              Қарлығаш Құспан ардагерлер
                                            кеңесінің медиатоп мүшесішш.