Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Елорда АРДАГЕРЛЕРІ

АРДАГЕРЛЕР САЛАУАТТЫ ӨМІРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында қалалық ардагерлер Кеңесі, «Байқоңыр» ауданы әкімдігі мен аудандық ардагерлер Кеңесі қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ардагерлер салауатты өмірді қолдайды» атты спорттық флешмоб өткізді.
Аталған флешмобқа жас жағына қарамай тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық спортты қолдап жүрген аға буын өкілдері, ардагерлер қозғалысының белсенділері қатысты.

IMG_3427.jpg

Іс – шараға қатысушыларды қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев және басқа да қоғам өкілдері құттықтады. Олар ардагерлерді ерен еңбектері, бас қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіп – өркендеуіне қосқан қомақты үлестері, салауатты өмірді тұрғындар арасында насихаттағандары үшін алғыстарын білдірді. Аталған іс-шара - флешмобқа қатысушы ардагерлердің дене шынықтыруымен басталды, әрі қарай аты әйгілі спортшылар нешетүрлі спорттық қойылымдар көрсетті.

IMG_3445.jpg

Флешбомқа қатысушылар салауатты өмір салты – ол ең бастысы денсаулықты шыңдау, нешетүрлі ауруларға қарсы тұру, жастық пен рухани байлық деп санайтындарын айтты. Олар сондай-ақ әрбір адам өз денсаулығын жастық шағынан шыңдап, егде тартқанда спортпен достасып денсаулығын бір қалыпта ұстап тұру керек - деп есептейтінін жеткізді.

IMG_3620.JPG

Флешмоб өткізілу барысында ардагерлер партиоттық және халықтың өлеңдерін айтып, музыка тыңдады, бірін-бірі Халықаралық қарттар күні аясында өткізілген іс- шараның өткізілуімен құттықтады. Іс-шараның соңында салауатты өмір жолдарын насихаттап, қоғамдық спортты қолдап жүрген белсенді ардагерлер мен спортшыларға қалалық ардагерлер Кеңесінің алғыс хаттары тапсырылды.

                                           Нұр-Сұлтан қаласы 
                                           ардагерлерінің Кеңесі  

ВЕТЕРАНЫ ЗА ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ

В рамках мероприятий, посвященных Международному Дню пожилых людей Совет ветеранов города Нур-Султан, Акимат и Совет ветеранов района «Байқоңыр» при поддержке Управления внутренней политики города организовали спортивный флешмоб среди ветеранов с общей тематикой «Ветераны за здоровый образ жизни». На флешмобе приняли участие представители старшего поколения разных возрастов активно пропагандирующие среди населения здоровый образ жизни, поддерживающие массовый спорт, активисты ветранского движения города. Участников флешмоба поздравили председатель городского Совета ветеранов Сансызбай Есилов, заместитель акима района «Байқоңыр» Ерлан Жаулыбаев и другие представители общественности. Они выразили благодарность ветеранам за их добросовестный труд, внесенный огромный вклад социально-экономическое развитие столицы, активное участие в общественно-политической жизни города, пропаганду здорового образа жизни среди населения.

IMG_3519.jpg

Мероприятие началось с физического упражнения ветеранов - участников флешмоба, затем знаменитые спортсмены показали спортивные представления – силовые упражнения и показательные выступления. Участники флешмоба считают, что здоровый образ жизни – это в первую очередь укрепление здоровья, профилактика болезни, молодость и бодрость духа. Они также считают, что каждый человек с молодых лет должен заботиться о своем здоровье, пожилом возрасте поддерживать ее, вести активную спортивную жизнь.

IMG_3743.JPG

В ходе флешмоба ветераны пели патриотические и народные песни, слушали музыку, поздравляли друг друга с началом мероприятий, посвященных Международному Дню пожилых людей. В заключительной части активным участникам флешмоба вручены благодарственные письма городского Совета ветеранов за пропаганду здорового образа жизни среди населения и поддержку массового спорта.

                                                  Совет ветеранов 
                                                  города Нур-Султан