ЕЛОРДА АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҮНДЕУІ-"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"- ОБРАЩЕНИЕ ВЕТЕРАНОВ СТОЛИЦЫ!
ҮНДЕУ


Құрметті Астана қаласының ардагерлері! Сіздерді 2026 жылғы 25 сәуірде, «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында, Елордада әкімдіктің ұйымдастыруымен өтетін жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл игі шара экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ұлттық жобаның құрамдас бөлігі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен экологиялық акциялар еліміздің әр өңірінде белсенді түрде жүзеге асырылуда. Астана қаласы әкімдігі «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, экологиялық іс-шараларды нәтижелі үрде жыл бойы жүргізуде. Қаламыздың тазалығы мен көркеюі еліміздің абройын асқақтата түсетіні сөзсіз. Сондықтан, біз тыл ардагерлері мен еңбек ардагерлері Елорданың барлық алты ауданындағы тұрғындар мен Ардагерлер ұйымдарының бір кісідей қатысып, осы ортақ іске толымды үлес қосуға шақырамыз. Ардагерлер – қоғамның айнасы, тәрбие мен үлгінің қайнар көзі. Зейнеткерлеріміздің бірлесе отырып, жас ұрпаққа тазалық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетете алатынына сенімдіміз. Баршаңызды осы маңызды акцияға белсенділік танытуға шақырамыз!
Құрметпен, «Ардагерлер ұйымы»
РҚБ Астана қаласы филиалының
Ардагерлер Кеңесі
ОБРАЩЕНИЕ
Уважаемые ветераны города Астаны! Приглашаем вас принять активное участие в общегородском субботнике, организованном акиматом столицы 25 апреля 2026 года в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан». Данное мероприятие является составной частью национального проекта, направленного на развитие экологической культуры. По инициативе Президента Касым-Жомарта Токаева экологические акции активно реализуются в каждом регионе страны. Акимат города Астаны поддерживает программу «Таза Қазақстан» и успешно проводит экологические мероприятия в течении года. Чистота и благоустройство нашего города, безусловно, поднимут престиж нашей страны. Мы труженики тыла, ветераны труда всех шести районов столицы призываем всех жителей города принять активное участие в организации и проведении данной акции и внести полноценный вклад в это общее благородное дело. Ветераны - это зеркало общества, источник воспитания и модели. Мы уверены, что наши пенсионеры вместе смогут показать молодому поколению яркий пример чистоты и ответственности. Призываем всех проявить активность на этом важном мероприятии!
С уважением, Совет ветеранов города Астаны,
филиал РОО «Организация ветеранов»