Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕЗДЕСУІ!

ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕЗДЕСУІ.

Астана қаласы ардагерлер ұйымдары «Германия және Варшава шарты елдерінде әскери қызметте» болған ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Варшава шарты» елдеріндегі кеңестік әскерлердің шығарылғанына 32 жыл толуына орай 2026.28.08. мерекелік іс-шара өткізілді.

шақыру.jfif

баннер.jfif

ГСВГ.jfif

логотип.jfif

Шара Сарайшық ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Бұл іс-шараға Астана қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Іргебаев, Есіл ауданы Ардагерлер кеңесі төрайымы Ш.Үстемірова, Сарайшық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бірімжан, Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айдашев, республикалық ардагерлер ұйымы «Варшава келісім шарты әскери тобы» Орталық кеңесінің Астана қаласы бойынша жетекшісі А.Тастеміров қатысты. РҚБ ардагерлер қоғамы «Германия кеңес әскери тобы, Варшава келісім шарт әскери тобы» филиалы директоры Б.Аханов өз сөзінде ұрпақтар сабақтастығы аясында жастарды патриоттық тәрбиелеу, туған елді қадірлеу және оған қызмет ету, отан қорғау, егемендікті бағалау, ұлттық дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге бағытталған іс-шараларда Астана қалалық Ардагерлер кеңесімен тығыз ынтымақтасатынын атап өтті. Шығып сөйлегендер Варшава шарты елдерінде әскери қызметте интернационалдық борышын орындаған ардагерлердің жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, патриоттық тәрбие беруде белсенділік танытқандарын ерекше бағалайтындарын жеткізді.

қазақ жауынгерлері.jfif

ауған 2026.jfif

бәрі.jfif

барлығы.jfif

Мерекелік іс-шара соңында отан қорғау ісі мен патриоттық тәрбие жұмыстарында белсенділік танытқан «Германия және Варшава шарты елдерінде әскери қызметте» болған ардагерлерге мерекелік медальдар, алғыс хаттар тапсырылды, жаңа қабылданған мүшелерге куәліктер берілді. Сондай-ақ Сарайшық ауданы ардагерлерінің ән-би ансамблі өнер көрсетті. Соңында «Германия және Варшава шарты елдерінде әскери қызметте» болған ардагерлерге арналған жаңа гимн орындалды. Мерекелік іс-шара соңында отан қорғау ісі мен патриоттық тәрбие жұмыстарында белсенділік танытқан Германия және Варшава шарты елдерінде әскери қызметте болған ардагерлерге мерекелік медальдар, алғыс хаттар тапсырылды, жаңа қабылданған мүшелерге куәліктер берілді.

трое.jfif

ансамбль.jfif

гимн.jfif

Сондай-ақ Сарайшық ауданы ардагерлерінің ән-би ансамблі өнер көрсетті. Соңында «Германия және Варшава шарты елдерінде әскери қызметте» болған ардагерлерге арналған жаңа гимн орындалды.

                                           Айтжан Айдашев Астана қ. Ардагерлер
                                        ұйымының тұрақты комиссиясының төрағасы,
                                    Нұра ААК.төрағасы, ауған соғысының ардагері.