Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ!

ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!

Астана қаласы,Алматы ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Пленум мүшесі,тұрақты ревкомиссияның төрағасы Марат Кәрімұлы Мұстафин- еңбек жолын Торғай облысы, Есіл қаласының зауытында цех бастығы болып бастап, көп жылдар бойына сол заводтың директоры қызметін атқарды. М.К1.jpeg

Халықтың қолдауымен 1993 жылы Арқалық қаласының басшылығына, кейіннен әкімдігіне тағайындалады. Бұл қызметке келісімен Марат Мұстафин Арқалық қаласының инфрақұрылымын жетілдіруге, әлеуметтік нысандардың құрылысын жаңғыртуға және жылу орталығын қалпына келтіру, көшелерді жөндеу мен көгалдандыруға, сонымен қатар жолаушылар көліктерін реттеу тағы да басқа толып жатқан жұмыстарымен айналысады.

2 М.К.jpeg

Осыдан кейін оның қызметтегі баспалдақтары сатылап көтеріле береді. Марат Кәрімұлы Торғай, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында жауапты қызметтерде болады. Ол қай жерде қызметте жүрсе де елдің жоғын жоқтап, үнемі халық жағында жүреді. Шешілмей жатқан мәселелерді елмен бірге шешіп отырады. Зейнет жасына шыққанға дейін ол біраз жыл Баға және монополияға қарсы саясат комитеттерінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменттерінде, кейіннен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды. Марат Кәрімұлы зейнетке шыққанымен Астананың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуда. Көп жыл Астана қаласы қоғамдық мүшесі, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы ретінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Бүгін Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні.Осы күнге орай тұңғыш рет ҚР-ның ұлттық экономика Министрлігі “Табиғи монополия саласының үздігі” төсбелгісін шығарды. Осы белгімен алғашқылардың бірі болып Марат Кәрімұлы марапатталды. Марат Кәрімұлы, Сізді кәсіби мерекеңізбен және жаңа марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Даналығыңыз бен өнегеңіз өрлей берсін!

Искакова К.И.jpeg

Сүйінші хабарларға бөліссек арты молынан болсын! Астана қаласы, Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ философия ғылымының кандидаты,профессор,елордалық ардагерлер көшбасындағы зиялы қоғам қайраткері, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі,Алматы ауданы ардагерлер ұйымы төралқа мүшесі жуырда "Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл" және Еуразия Ұлттық университетінің мерекелік медальдарымен марапатталса!

Ғалия Балтабай.jpeg

2026 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қолынан Ғалия Балтабай – қазақ журналистикасының ардагері, Сарыарқа ауданы медиатобының жетекшісі,"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.

Карпова Г.Б.jpeg

Астаналық ардагерлер ұйымы Пленум мүшесі,"Аль-Фараби-2" атындағы Алматы ауданы ардагерлер ұйымының мүшесі,"Артурион" фитнес клубының жетекшісі, Карпова Галина Борисовна "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы 30 жылдық мерейтойы" медалімен марапатталды! Құрметті де қымбатты ардагерлер! Марапаттарыңыз құтты болсын!

                 Астана қаласы ардагерлер кеңесі.
                            2026 жыл,10 шілде.