ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ!
ЕЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ!
Табиғаттың төрт мезгілінің өз атауы, өзіндік ерекшелігі бар.Күз айның «Алтын күз» деп аталатын мезгілі бар. Биылғы күз Астана қаласы ардагерлері үшін нағыз Алтын күз болды. Алуан түрлі түске енген әдемілігімен қоса адамдар жанын күздің салқынымен жауратпай керісінше ән мен жырға бөлеп жадыратты десе болады. Астана қаласында «Ардагерлер алтын күзі» атты ардагерлер шығармашылығы арасында фестиваль өтті. Қарттар күні мерекесіне орай өткен өнер мерекесі шынымен ата -әжелердің мерекесіне айналды. Қатысушылар да көрермендер де ерекше бір шабытпен жастық шақтарына қайта оралғандай шат-шадман күй кешті.
Барлық жанырда өнер көресткен ардагер өнерпаздар концерті мән мағнасы мен тәрбиелік өнегесімен ерекшеленді.Өнерге құштар аға буын өкілдері шау тартқан жастарына қарамастан биді де келістіре билеп, әнді де әуелетіп күйді шалқытып, көркемсөзді тебірене оқып, авторлық әнімен санқылылықтарын көрсетті. Астананың алты ауданындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен алты ауданның ардагерлер кеңесі ұйымдасқан түрде еңбек етіп жұртшылыққа мерекелік тарту жасады. «Алтын күз» фестивалін ұйымдастырып қолдау көрсеткен қалалық ардагерлер кеңесі, мәдениет, ішкі саясат бөлімдеріне зор ризашылық білдіреміз. Осынша ауқымды шараны өткізуге барлық мүмкіндіктер жасаған Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филормониясы дирекциясына алғысымыз көп.
Сахнаның мәдениеті мен оның салтанатын өнерпаздардың жүріс-тұрыс тәртібі, көзтартар сахналық костюмдер, әр номердің ерекшелігі мен характеріне дейін қадағалап бірнеше қайтара репетиция өткізіп сақадай сай еткен филормонияның бас режиссері Сүлейменова Нұргүл Айтжанқызының профессионалдық шеберлігіне тәнті болдық. Нұргүл Айтжанқызының үлкен адамдар мен қарым қатнасындағы сыпайылық, ұстамдылық сөйлесе білетін мәдениетіне сүйсіндік. Нағыз шебер,өз ісінің білгірі екен. Нұргүл Айтжанқызына мың алғыс. Ардагерлердің ақ батасына кенеле берсін! Бұл фестиваль сайыста емес, жарыс та емес. Бұл-қарттар күніне арналған өнер мерекесі болды. Мереке ардагерлер кеңесінің 35 жылдығына арнайы жазылған «Ардагерлер асыл жандар» әнімен басталды.Сөзін жазған ардақты ардагер, қоғам қайраткері, Республикалық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінде жауапты қызмет атқарған Көпболсын Әбдікешұлы Бекмағанбетов.Әнін жазған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кентау Назарбек.
Концерттің финалы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, композитор Қанат Мерсалимовтың «Мәңгілік ел» авторлық әнімен бастауымен қалалық ардагерлер «Жігер» тобының орындауындауымен мәресіне жетті. Қазыналы қарттарымызға көрсетілген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін!
Қарлығаш Бәкенқызы
Астана қалалық ардагерлер
медиотобының мүшесі.