Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл толуына байланысты өткізілетін іс-шаралар аясында және Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында қалалық ардагерлер Кеңесі соғыста алған жараларынан қайтыс болғандарға арналған ескерткіш пен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, қаланың белгілі азаматтары, еңбек ардагерлері, ардагерлер қозғалысының белсенділері қатысып, «Ер есімі – ел есінде» деген бастама аясында өткізді.

Қатысушылар алдында сөз алған қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов «Үстіміздегі жылы көптеген салтанатты да естелікті іс-шаралар өткізідуде. Солардың ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуы ерекше аталып өтілуде. Сұрапыл соғыс туралы көптеген кітаптар, естеліктер жазылып, деректі және көркем фильмдер түсірілді. Уақыт өткен сайын аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі айшықтана түсуде.

Елорда ардагерлері соғыс азабын басынан кешкен аға ұрпақ алдындағы қарызымызды өтеуге, оларды еске алуға келіп отырмыз. Бүгінгі ардагерлердің басты мақсаттарының бірі жастарды отансүйгіштікке, рухани тәрбиелеуге ат салысу болып табылады» - деді.

Іс-шараға қатысушылар ішінде соғыс жылдары тылдағы еңбекке араласып, зауыт, фабрикаларда, егіс даласында еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосқандар да болды. Іс-шараға қатысушылар сұрапыл соғыс жылдары майданда болған, тылда еңбек еткен туған-туыстары мен жақындарын еске алды.

                                           **Қалалық ардагерлер Кеңесі** 

IMG_2009.JPG

                              **ПОЧТИЛИ ПАМЯТЬ ПАВШИХ**

В рамках мероприятий, посвященных 75-летию Победы в Великой Отечественной войне и накануне Дня Конституции Республики Казахстан актвисты городского Совета ветеранов возложили цветы к памятнику павшим от ран на войне и монументу «Отан қорғаушылар». На возложении цветов к памятникам приняли участие руководители городского и районных советов ветеранов, знатные люди столицы, ветераны труда, активисты ветеранского движения. Данное мероприятие проведено под девизом «Ер есімі – ел есінде».

IMG_2106.JPG

Выступая перед участниками церемония председатель городского Совета ветеранов Сансызбай Есилов сказал «В текущем году множество памятных дат и событий. Одним из главных из них является празднование 75-летия Победы в Великой Отечественной войне. О войне и ее участниках написаны множество книг, мемуаров, воспоминаний, отсняты документальные и художественные фильмы. Чем дальше годы войны, тем ярче подвиг наших дедов и отцов. Мы, ветераны столицы, выполняя священный долг перед старшим поколением, пережившим войну, пришли почтить их память. Долг ветеранов принять участие в патриотическом, нравственном и духовном воспитании молодого поколения». Среди участников были и дети войны, которые пережили тяжелые годы на трудовом фронте – работали на заводах, фабриках и на зерновых полях. Участники церемония обменялись воспоминаниями о подвигах дедов, отцов и своих близких людей на Великой Отечественной войне и тружениках тыла.

IMG_2099.JPG

                                                    **Городской Совет ветеранов**