Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!

«ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ»

ену.jpg

Дөңгелек үстел қаһарман батырларға арналды 9 мамыр - Жеңіс күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтеді. Жылдағы дәстүрге сай мереке қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіледі. Мәдени-бұқаралық шаралар, соның ішінде концерттер, экспозияциялар мен көрмелер ұйымдастырылады. Астана қаласында да барлық аймақтардағыдай мемориалдар мен ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Сондай шаралардың бірі - 2024 жылдың 3 мамырында Қазақстан Респуликасы Ұлтық музейінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа тұңғыш ту тіккен, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойларына арналған «ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕЛДІКТІҢ БЕЛГІСІ» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысы «Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» атты көрменің ашылуымен басталды. Дөңгелек үстел модераторы Сырым Хасеновтың – «Қазақстан тарихы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері ғылыми шараға келгендерді құттықтап, кіріспе сөз сөйледі.Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры м.а. Ақмарал Госмановна Ибраева іс-шараның мақсат-міңндеттерін айтып берді. Дөңгелек үстел барысында баяндама жасап , сөз сөйлеп , ой бөліскендер - Ақшолақов Қуандық Жақсыбайұлы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұлттық Қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, әскери ғылымдарының докторы, Тойбазаров Дәулет Оралбекұлы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұлттық Қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеу орталығының Қару-жарақ пен әскери техниканы зерттеу басқармасының бастығы, әскери ғылымдар кандидаты, профессор. Күлзира Ыдрысқызы Ысқақова - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі. Тақырыбы: «Тарихшы Болат Асанов Рақымжан Қошқарбаев туралы деректер: дақпырт пен шындық».Унербек Дузбайұлы Умралин – ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ғылыми-зерттеу қызметі ғылыми бөлімшесінің бастығы. Тақырыбы: «Непризнанный подвиг казахского батыра Рахимжана Кошкарбаева при штурме главного символа фашисткой Германии в архивных документах и материалах». Мұрат Жанатайұлы Молдағалиев - «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің Басқарма Төрағасы. Тақырыбы: «Деятельность Общественного объединения «Атамнын Аманаты» по сохранению исторической памяти и увековечивания героев Казахстанцев». Смайылов Әбубәкір Әбдірейұлы - «Atamnyn Amanaty» ҚБ Басқарма төрағасының орынбарасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері.Әйгерім Оңалбайқызы Күмісова – ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ғылыми-зерттеу қызметі ғылыми бөлімшесінің офицер-ғылыми қызметкері. Тақырыбы: «Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, Армия генералы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің жауынгерлік жолына қысқаша шолу».Сұлтан Берікұлы Оразаев - Геральдикалық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының PhD докторанты. Тақырыбы: «Қазақ қаһармандары: үшсоғыстың ардагері Ибат Кубашев жәнеАҚШ орденнің иегері Мырзабек Бекнурманов».

ЕНУ2.jpg ІС-шараға қатысқан жастар мен ардагерлер баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойып, толық, тартымды жауаптар алып, риза болды. Батыр бабаларының рухына тағзым етті.

                     Искакова Күлзира, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана қаласы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңестерінің Президиум мүшесі