ЕҰУ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ!
Халықаралық қарттар күні қарсаңында өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу.

ҚР да Халықаралық қарттар күні 1991 жылдың 1 қазанынан бастап атап өткізіліп келгені белгілі. Жыл сайынғы қалыптасқан тәжрибеге орай халықаралық қарттар күнін ЕҰУ-ң ардагерлер кеңесі мен әскери кафедрасы, университеттің кәсіподақ ұйымының қолдауымен үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегіне университеттің «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өткізді. Кездесуге оқу орынының белсенді ардагері, әскери кафедраның білім алушы студенттері мен ұстаздары, Астана қаласы және Алматы ауданының Ардагерлер кеңестерінің шақырылған мүшелері қатысты. Әскери кафедра меңгерушісі полковник Нұрлан Мәмбетов кездесуді ашып, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқанд әскери қызметшілерді еске алып, бір минуттік үнсіздік жариялады. Университеттің құрметті ардагері . Зейнолла Төлебаев құран оқып, қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына бағыштады.
Іс-шараның алғашқы сөзі кездесуге арнайы шақырылған — қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, бүгінгі күні ҚР «Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі»
төрағасының орынбасары Тасболатов Абай Бөлекбайұлына
берілді.

Абай Бөлекбайұлы өз сөзінде еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі маңызды міндеттерге тоқталып, ҚР Президденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Қарулы Күштерін нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы бастамаларына назар аударды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының бүгінгі күндері Қазақстан халқының алдына қойған саяси-идеологиялық және мәдени даму міндеттерінің арасында атқаратын республикалық ардагерлер ұйымының жұмыстарына тоқтала келіп, ҚР «Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі»төрағасы Әділғазы Қалиақпарұлы Құсайыновтың «Даналық формуласы» атты мақаласына тоқталып, еліміз зейнеткерлері, ардагерлері мен жастары алдына қойылған істерге жұмыла кірісіп атқаруға шақырды. Кездесу барысында әскери журналистика взводы студенттері Дархан Серікбай мен Диас Елеусізов құрметті қонақтың өмір жолына қысқаша шолу жасап, генерал-лейтенанттың Қазақстан Қарулы Күштері Әскери академиясының басшысы. Қорғаныс министрінің орынбасары. Парламент Мәжілісінің депутаты. Мәжіліс төрағасының орынбасары әскери саладағы көп жылғы қызметі мен қажырлы еңбегі туралы мәліметтер берді.
Ардагерлер Талғат Жанайдарович, Ораз Дабылдаевич. Алмагүл Сектаевна сөз алып: « Генерал-лейтенант Абай Тасболатовтың өмір жолы кездесуде айтылған құндылықтардың нақты үлгісі. Ұзақ жылдар бойы әскери салада қызмет атқарып,кейін мемлекеттік қызметте еңбек еткен тұлғаның тәжірибесі жастар үшін үлкен тағылым болды. Оның әңгімесінен бәріміз де елге қызмет етудің жауапкершілігі мен маңызын терең сезіндік», -деген тұжырымға келді.
Кездесу барысында жастардың ел болашағындағы рөліне де ерекше мән берілді. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Ал әскери кафедрада білім алып жүрген жастар үшін Отан қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарау маңызды.Қазіргі таңда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту тек әскери қызметшілердің ғана емес, ел азаматтарының ортақ міндеті екені сөзсіз. Іс-шараға қатысушылардың ойынша, осындай кездесулер ұрпақ сабақтастығын қалыптастыратын маңызды тәрбие алаңы. Себебі ел тарихын жасаған аға буын мен елдің болашағын қалыптастыратын жас ұрпақ арасындағы байланыс – мемлекетіміздің рухани тұтастығының маңызды негіздерінің бірі.
**Искакова К.И.
Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ-ң
Ардагерлер кеңесі төрағасы**