Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ХАЛЫҚ ҮШІН АУЫР КЕЗЕҢ,,,

Халық үшін ауыр кезең…

Талғат Мұханов.jpg

Аласапыран, толқу әрі қорқыныш – халықтың қазіргі күйі осындай. Өкінішке орай, ел үшін отыз жылдық межені кесіп өту қиынға соқты. Тағдырмен сыналған және шыныққан халық тағы да тәуелсіз мемлекетте толқуды бастан кешуде. Тәуелсіздіктің таңына қалай жеткеніміз барлығымызға мәлім, сондықтан, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз ету - біздің азаматтық парызымыз. Ата-бабаларымыз ежелден алмағайып сәтте тура жол тауып, тағдырлы шешімді қабылдай білген. Осы жолы да біз халқымызға тән даналықты, ар-намыс пен ерлікті ұстана алатынымызға және осы жағдайдан өркениетті жолмен шыға алатынымызға сенімдімін. Десек те, бейбітшілік пен өркендеуге жету жолында алдымызда көптеген кедергілер тұр. Атап айтқанда, дәл осы жағдайда деструктивті күштердің өздерінің жеке пайдасы мен қара ниеттері үшін мемлекетті барынша әлсіретуге тырысуы, сондай-ақ, кейбір салалардағы мемлекеттік ведомстволардың басқару ісіндегі олқылықтар халықтың наразылығын туғызды. Шындық ашылады, ол тарихтан белгілі. Сондықтан болып жатқан оқиғалардың барлық қыр-сыры жұртшылықтың игілігіне айналады. Арандатушы топтарға ерген көптеген адамдардың тағдыры ойландырады, олар тобырдың еркімен алды-артын ойламай заңға қарсы іс-қимыл жасады немесе жасауы мүмкін және ол үшін қатаң тәртіппен жұртшылық алдында жауапқа тартылады. Жоғары дәрежедегі мәдениет пен білімді мемлекет тұрақтылығының кепілі ретінде атап өтуге болады. Елімізде орын алған уақиғаларға қарасақ, бұл жағынан кенже қалып жатқанымызды байқауға болады. Олай болмағанда қарақшылар мен бұзақылардың мінез-құлқын қалай түсіндіруге болады. Көптеген адамдар құқықтық мемлекетте тұрып жатса да, митинг пен ереуіл әдебін білмейді. Бұл жерде адамдардың білім деңгейінің төмендігін айтып өтуге болады, себебі бұқараның басым көпшілігі бандиттік топтардың жалған мәліметтері мен үгіт-насихаттарына ереді. Халықтың еркі - демократиялық жүйенің негізгі компоненттерінің бірі және бейбіт митингілер оның құралдары ретінде табылады. Жаңаөзен қаласының тұрғындары нақты мәселе бойынша өзінің азаматтық ұстанымын білдірген кезде, іштен және сырттан келген арандатушылар бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланып кетеді деп ойлаған жоқ. Мұны біз Алматыдағы демонстранттардың үйлесімді және ұйымдасқан іс-әрекеттерінен байқап отырмыз, олардың көпшілігі қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіру үшін кәсіби дайындалған және белгілі бір мақсаттағы акцияны басқарушылар тобына еріп, адасты. Қазіргі кезде Қазақстанның халқы топтасып, бүкіл әлемге өзінің ауызбіршілігін көрсетуге және арандатушылар мен теріс пиғылды топтардың ойластырған зұлымдықтарын жүзеге асыруларына жол бермеуге тиіс. Республиканың әрбір азаматын еліміз үшін нақ осындай қиын кезеңде жарқын болашақ - Қазақстан Республикасының қасиетті жерінің игілігі үшін мемлекет басшылығына қолдау көрсетуге шақырамын.

                                          Талғат Мұханов – мемлекеттік қызметкер