Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Халықаралық қарттар күні» декадасында ЕҰУ да өткізілген дәріс

«Халықаралық қарттар күні» декадасында ЕҰУ да өткізілген дәріс

Халықаралық қарттар күн қарсанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ардагерлер кеңесі мен Әскери кафедрасы үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өткізген болатын. ЕҰУ-дың Ардагерлер кеңесі 2026ж.30 қыркүйегінде тағы да бір тағылымды кездесу ұйымдастырды. Бұл жолғы «Сөз өнері» атты кездесудің тыңдаушылары: «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің» «Журналистика және медиаөнер» кафедрасының білім алушы жастары.Ал модераторы: Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі журналистика және медиаөнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Болатова Гүлжауһар Жамбылқызы. Гүлжауһар Жамбылқызы модератор ретінде баяндамашыны таныстырды. Кездесудің негізгі кейіпкері: Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің медиатобы жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, құрметті ардагер Бұлғақбаева Баян Құрмантайқызына сөз берді: «Баянды ӘЛПИ, әдебиеттегі лақап атым (Туған жылым: 13.12.1948, Құлжа қаласы. Балалық шағым Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы селосында өтті»,- деп өз сөзін бастап, «Мектепті Алматы қаласындағы № 9 мектеп-интернатта бітіріп, Қазақстан жазушылар одағында хатшы-референт, С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің Әдебиет кафедрасында лаборант болып еңбек жолын бастадым. 1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Дүниежүзілік әдебиет институтына оқуға түстім. Институттан кейін жолдамамен Қарағанды қаласына келдім», -туған жерін,оқыған ортасына шолу жасап, еңбек жолына тоқталды. «Қарағандыда облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Мәдениет, әдебиет бөлімінде, С.Сейфуллин атындағы қаздрамтеатрда Әдебиет бөлімінің жетекшісі, «Газет» баспасында аудармашы, Қарағанды облыстық Кәсіподақтар кеңесінде, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір Департаментінің «Қорғау» көміршілер кәсіподағында бөлім нұсқаушысы қызметтерін атқардым. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ш, П,I дәрежелі «Еңбек даңқы» медальдарымен марапатталдым»,- деді үлкен бір мақтаныш сезіммен. студенты.jpg Баяндаманың тыңдаушылар үшін ең қызықты бөлімі автордың шығармашылығы болды: « «Тамшы», «Жаным менің ақын ба?» атты жыр жинақтарым жарық көрді.Қазақ ақындарының «Жүректегі жырлар» атты жыр жинағына жырларым енді. Прозада «Жүрек сыры», «Казахстан –моя судьба»(Незабываемые встречи...Жизнь как на ладони»), «Қайта оралмас өмір» атты кітаптардың, «Асыл әйел» романының авторымын». Осы еңбектеріне қысқаша шолу жасап, бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып берді («Сөз өнерінде » мәнерлеп оқу да маңызды). Баянды  апай.jpg Кездесудің келесі кезегінде Болатова Гүлжауһар Жамбылқызы - ұзақ жылдардан бері шығармашыл жастардың басын біріктірген «Көзқарас»клубының жетекшісі ретінде белсенді білім алушыларды таныстырып, оларға сөз берді.Кулахметова Мархабат – «Көзқарас» клубының төрағасы, медиаөнер білім беру бағдарламасының 2- курс студенті; ⁠Нагиев Нұрталап – «Көзқарас» клубы төрағасының орынбасары, баспа ісі білім беру бағдарламасының 2- курс студенті; ⁠Тұрсынбаева Зарема - журналистика білім беру бағдарламасының 2- курс магистранты.Аталған білім алушылар Баян Құрмантайқызына өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, дәріскерге шығармашылық табыстар тіледі. Келешекте осындай «мастер-класс»(«шеберліксабақтар»)көп болса екен деген ұсыныс жасады. ЕҰУ -дың Ардагерлер кеңесі кездесуде модератор қызметін атқарған 30 жылдан бері 2011 жылдан 2024 жылға дейін үздіксіз Журналистика және саясаттану факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі Журналистика және медиаөнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлжауһар Жамбылқызы Болатоваға тұрақты, жүйелі түрде көрсетіп келе жатқан қолдауы мен көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді.
Қазақстанның болашағы – саналы әрі талапты ұрпақтың қолында!

                                   Искакова К.И. 
                            Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ-ң 
                          Ардагерлер кеңесі төрағасы