Ғибратты ғұмырыңызбен құрметті Есболат Қасымұлы!
Құрметті Есболат Қасымұлы!
Ғибратты ғұмырыңызбен өскелең ұрпағыңыздың болған, халқымызға қадірлі де ардақты ел ағасы, Есболат Қасымұлы! Сізді Астана қаласының ардагерлер кеңесі өміріңіздің кезекті асқар тауы - 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды!

Тоқтауы жоқ алып кеме атты уақытты бағындырған Сіздің өмірдегі талпынысыңыз, жауапкершілігіңіз, адами қасиетіңіз бен таудай талабыңызбен кешкен ғұмырыңыздың асыл айшықтары баршамызға жарқын үлгі болып қала береді. Осы дәуірдің айтулы да елеулі толқындарымен араласа, алға жүзіп келесіз. 1946 жылы 13 наурызда Ақмола облысы, Ақкөл ауданы Өрнек ауылында дүниеге келіп, орта мектептен кейін 1963 жылы еңбек жолыңызды қарапайым механизатор болып бастап,1965 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1970 жылы зоотехник мамандығын алып оны тәмамдап шықтыңыз. Институттан кейін 1970-1971 жж. Ақмола облысы, Макин ауданы, «Заветы Ильича» совхозында бөлімше зоотехнигінен бастап еңбек жолыңызды 2009 жылға дейін Ақмола облысының бір қатар ірі шаруашылықтарын басқардыңыз. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, 2010-2022 жылдар аралығында Астана қалалық ардагерлер кеңесінің кеңесшісіден бастап, 2014 жылдан Төрағаның орынбасары қызметін ойдағыдай атқардыңыз. Қазіргі уақытта елорданың мол тәжірибе жинақтаған маман, құрметті зейнеткерісіз. Мәңгі тартыс өмір атты көкпарда, адамдар елдің бағына туады дейді дана халқымыз. Сіздің, көп жылғы адал және жемісті еңбегіңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестігі «Ардагерлер ұйымының» «Құрмет Белгісі» төс белгісіні иегері, Мемлекеттің мерейтойлық медальдары мен Құрмет грамоталарымен марапатталдыңыз. Құрметті Есболат Қасымұлы! Сіздің қажымас қайратыңыз, адал еңбегіңіз, парасатты мінезіңіз, үлгілі тәжрибеңіз жас ұрпаққа баға жетпес өнеге болып табылады. 80 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын! Осы ғибратты жасыңызда Сіздің әр күніңіз ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің тәтті күлкісіне, шаттық қуаныштарына толы болсын. Сізге және Үміт Әлібекқызы жеңгейімізге мықты денсаулық тілейміз.Мерейтойыңыз құтты болсын, қашанда белсенді өміріңіз ұзақ әрі баянды бола беруіне шын жүректен тілектеспіз!
Ізгі ниетпен,
Астана қалалық ардагерлер
кеңесінің төрағасы С.Есілов

