АҚ КИМЕШЕК КИЕЛІМ!
АҚ КИМЕШЕК КИЕЛІМ!
«АҚ КИМЕШЕК КИЕЛІМ» (ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗІ ШЕҢБЕРІНДЕГІ «ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ЭТНО ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА ӨТКЕН АНАЛАР ШЕРУІ) 14.09. 2022 - 18.00
Құрметті ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі шеңберінде ЕЛОРДА-АСТАНАқаласында (12-16 қыркүйек) «Ұлы дала сазы» этнофестивалі өткені белгілі. Аталмыш этнофестиваль аясында, 14 қыркүйек күні, сағат 18.00де «Бәйтерек» монументінің маңында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы бастаған ақ кимешек киген алпыс аналарымыздың салтанатты шеруі өтті. 2012 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Кәсіби мерекелер және өзге де мейрамдар туралы» Жарлығына өзгерту енгізіліп, қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Аналар күні» деп белгіленді. Анаға құрмет музейі құрылғаннан бері Аналар мерекесін «Анамның ақ жаулығы», «Кимешекті кір шалмасын», «Қасиетті ақ кимешек», «Киім пірі – кимешек» тақырыбында жыл сайын фестиваль өткізіп, аналарымыздың басына сән берген, даналықтың, парасаттылықтың белгісіндей болған кимешектің қадір-қасиетін насихаттап келеді. Биыл елімізде Аналар мерекесін атап келе жатқанына тура 10 жыл. Осыған орай, аталмыш фестиваль шеңберінде өтетін «Ақ кимешек КИЕЛІМ» атты салтанатты шеруге баршаңызды шақырамыз! Ең қызығы бұл шеру еліміздің басқада қалаларына жол тартады.
Бұл жолғы эстафетаны Шымкент шаһары мен Түркістан облысы аналарына жоспарға сәйкес жолданды!
ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ.