КІТАПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ!
**7 МАМЫР 2020 ЖЫЛЫ
АҚМОЛАЛЫҚ ҰЛЫ ЖЕҢІС АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
"ҰЛЫ ЖЕҢІС ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ"
АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ!
КНИГА " ВЕЛИКАЯ ПОБЕДА В ПАМЯТИ НАВЕКИ"
ПРЕЗЕНТОВАНА В НУР-СУЛТАНЕ! 07.05.2020ГОДУ
«Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» атты кітап – Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батырлары мен қазіргі көзі тірі 44 Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен арамызда жүрген тыл ардагерлері жайлы жазылған еңбек.
Бұл бүгінгі ұрпаққа патриоттық рух беретін, еңбек ерлігіне бастайтын, ұлағатты тәрбие беретін құнды дүние деп айтуға болады.
Онда Кеңес Одағы Батырларларының қаһармандық ерліктері мен арамызда жүрген астаналық соғыс ардагерлерінің майдан жолдары және соғыс жылдары тылда еңбек еткен астаналық ардагерлердің толассыз еңбегі баяндалады.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін жазылған бұл кітап – Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға ой тастар, қолда барды қадірлей білу мен зұлымдық пен жауыздықты жеңудің жолдары мен бейбіт өмірді сақтап қалған біздің қаһарман жауынгерлеріміздің ерен ерлігін бүгінгі ұрпаққа паш ететін естелік...
ТҰСАУ КЕСЕР ӘЛЕМДЕГІ ПАНДЕМИЯ АХУАЛЫНА ОРАЙ ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ (ОНЛАЙН) ТІРТІБІНДЕ ӨТТІ. ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ С.ЕСІЛОВТЫҢ БАСТАУЫМЕН ЖӘНЕ КІТАПТЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ,ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ,ҚР-НЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, "ҚҰРМЕТ"ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАЛТАБАЙ ҒАЛИЯ ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ ӘЛЕУЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ КІТАПТЫҢ ШЫҒУ МАҚСАТЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ. СОҢЫНДА АРДАГЕРЛЕР ТӨРАҒАСЫ БАС ДЕМЕУШІ ҚАЛА ӘКІМІ АЛТАЙ КӨЛЬГІНОВҚА ЖІНЕ БАС РЕДАКТОРҒА РАХМЕТ АЙТЫП ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІН БІЛДІРДІ.
СТУДИЯ ҚОНАҒЫ ҒАЛИЯ ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРМЕН.