КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!
КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!
ТӘУЕСЗІДІГІМІЗ БЕН ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІ ҚОРҒАЙЫҚ! АТА БАБАМЫЗДЫҢ ҰРПАҚҚА ЖОЛДАҒАН АМАНАТЫНА ҚИАНАТ БОЛМАСЫН! ОТАНДАСТАР! БІР БОЛАЙЫҚ БАР БОЛАЙЫҚ, ІРІ БОЛАЙЫҚ, ОТАНЫМЫЗҒА ҚОРҒАН БОЛАЙЫҚ!
ӨКІНІШТІСІ, ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН.
ИМАНДАРЫ САЛАМАТ БОЛСЫН! САБЫРЛЫ БОЛАЙЫҚ АҒАЙЫНДАР🤲 ЖҰРЕГІМ ТІЛІНІП ТҰР! ЖАС ҰЛАНДАР МЕН, ҚАЗАҒЫМНЫҢ ЖАС БОЗДАҚТАРЫ ШЕЙТ БОЛЫП ЖАТЫР🤲
ОСЫЛАЙ БОЛАТЫНЫН КҮТТІМЕ ЕКЕН АТА-АНАСЫ! ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНҒАН БАЛАСЫ, МҰЗ ЖАСТАНЫП , ҚАН ЖАЛАП, ЖҮРЕГІН ОҚҚА ТӨСЕП, ҮЗІЛДІ ОТАН ДЕП СОҚҚАН ҚОЛҚА ЖҮРЕГІ, ҚАНСЫРАДЫ ЖАРАСЫ... ТАБЫТЫН ҚҰШТЫ ЖАН АЙҚАЙЫМЕН,БОТАМ ДЕП БОЗДАП А Н А С Ы🤲
БАСШЫ БІРЕУ, ХАЛЫҚ ТІРЕУ! БОЛАШАҚ ҰРПАҒЫМЫЗ ҮШІН БІЗ АНАЛАР ЕЛМЕН БІРГЕМІЗ! МЕН БЕСІКТЕ ШӨБЕРЕ ТЕРБЕТКЕН АНАМЫН! 35 ЖЫЛ БҰРЫН ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ОФИЦЕРДІҢ ЖЕСІРІМІН, БАЛАЛАРЫМДЫ КӨТЕРДІМ, КҮРЕСТІМ, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТОЛҚЫНЫНДА ЕРКЕЛЕП ӨСКЕН ҰРПАҒЫМЫЗ БЕН ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗ, ОСЫ ШӨБЕРЕЛЕРІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚАЗАҒЫМ ҮШІН ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ТОҚАЕВ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫН ҚОЛДАЙЫҚ! БІЗ БІРЛІКТЕ ҒАНА МЫҚТЫМЫЗ! КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ🤝 ҚАЖЕТ БОЛСА БҰЛ ДАЛАНЫҢ ҚЫЗДАРЫ ШАШЫН БУЫП,АТҚА ҚОНЫП,ЖАУҒА ШАПҚАН. МЕН ОТАНЫМДЫ ҚОРҒАУҒА ӘРҚАШАН ДА ДАЙЫНМЫН🤲🤝
ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ С.МЕҢЛІБАЕВА
ЖЕРЛЕСТЕРІМЕ!
Елімде бүгін міне азалы күн, Жүрегім алай - дүлей қайғылы мұң. Елінің Ерлеріне бағыштаған, Тілегі Қабыл болсын дұғамыздың!
Ағайын татулық пен бірлік керек, Сабырлық елімізге болар көмек. Бәрінен Егемендік қымбат бізге, Санамен өткеніме көз жүгіртсек.
Тарихта осы күнді "қаралы" дер, Ертеңім жақсылыққа үміт берер. Бабамыз Мәшһүр Жүсіп айтып кеткен, Бақытты елімізге күнде келер!
Не жетер тыныш болған әр бір күнге, Бұл "бүлік" болды екен керек кімге? Бағасын қазыларым дұрыс беріп, Жаратқан жеткізсінші әділдікке.
Жамандық елімізден аулақ кетсін, Жемқор мен ұрылардың күні бітсін. Бар халық бір ауыздан тату болып, Тілеймін мұратына елім жетсін!!!
Ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Оспан қажы Сүлейменұлы.