Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» деп белгіленді. Жыл сайын аталып отырылатын осы кәсіби мерекеге орай, Астана қалалық ардагерлер Кеңесі ардагерлердің қалалық, аудандық Кеңестерінде еңбектеніп жүрген журналистердің басын қосты.

125.jfif

Бұл шара Астана қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есіловтың тапсырмасымен өтті. Жиналған ақпарат құралдары қызметкерлерін Астана қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Спанқұлұлы Іргебаев құттықтады. Арнайы сыйлықтарын табыс етті.

зам.png

Торғайлар.jfif

Қалалық ардагерлер Кеңесінен Р.Ағыбаева, А.Әшіров, И.Бәдуан, К.Молдахметова, Қ.Құспанова және Сарыарқа ауданынан Ғ.Балтабай, Алматы ауданынан Б.Бұлғақбаева, Есіл ауданынан Қ.Яшкурова, Байқоңыр ауданынан Т.Левченко сынды журналистер қатысты. Бұдан соң келген қонақтарға дастарқан жайылып, олар өзара әңгімелесіп, жақсы бір отырыс болды. Өткен өмірлері туралы қызықты жайттармен бөлісті.

есепші.jfif

Имаш.jfif

Отырыс соңында қалам иелері өздерін қадірлеп, мерекеге орай осылай құрмет көрсеткендері үшін Астана қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Есіловқа, қалалық ардагерлер Кеңесінің ұжымына: төрағаның орынбасары М.Іргебаевқа, жауапты хатшы С.Меңлібаеваға, кеңесші Ж.Ақбергеноваға, есепші А.Айбасоваға шынайы жүректерінен алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

                                   Баянды ӘЛПИ, ҚР Жазушылар одағының мүшесі