Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҰЛАНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ!

ҰЛАНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТУ БОЛЬШОЙ.jfif

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру туралы қойған тапсырмаларын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 27 мамырда сағат Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінде "2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанындағы жас толымын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарына салтанатты шығарып салу және мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару" рәсімі өткізілді. Салтанатты ісшара әскери бөлім жеке құрамының саптық жиынынан басталды. Мерзімді қызметін өткерген әскери қызметшілерді құттықтау және запасқа шығару рәсімінде әскери бөлім командирі полковник Аян Есжанов, "Ардагерлердің Орталық Кеңесі" төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет пен "Қарулы Күштер ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нагуманов, қалалық ардагерлер Кеңесінің Төрағасының орынбасары Жұмағатов Сатыбалды, "Atamnyn amanaty" қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова сарбаздарға алғысын білдіріп, сәт сапар тіледі. Бөлімінің жеке құрамы әскери қызметтен босаған сарбаздардың алдынан салтанатты қоштасу саптық шеруімен өтті. Ал әскерге шақырылушылар мен ата-аналарына, колледж студенттеріне деген құрмет ерекше болды. Олар үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің күнделікті өмірімен таныстыру, әскери казармаларды, техника мен қару-жарақ, әскери киім үлгілерін көрсету ұйымдастырылды. Әскер сабына бүгін қосылғалы отырған жастарды таныстыра отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Берекполов: "Аға орынын іні басады деп айтады халқымыз. Бір жыл еліміздің тыныштығын сақтауға үлес қосқан сарбаздарымыздың ата-аналары, туған туыстарымен қауышатын күні келді. Отан тыныштығын сақтаудың келесі кезегі осы жастарымызға келді. Ел үмітін ақтайсыздар деп сенеміз! Қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!" - деп қорытындылады. Ісшара соңы мерекелік әскери әндер концертіне ұласты. Ісшараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық Ұланының қолбасшылығы, Орталық Ардагерлер Кеңесі, елордалық ардагерлер Кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері, әскерге шақырылушылар мен ата-аналары, 150 колледж студенттері қатысты.
Ісшараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР Ұлттық Ұланының қолбасшылығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды.

ПРЕЗИДИУМ  С ГЕНЕРАЛОМ.jfif

СТРОЙ ОБЩИЙ.jfif

ҚОШТАСУ2.jfif

КОМАНДИРМЕН БІРГЕ.jfif

ПОЧЕТНОЕ ПРОХОЖДЕНИЕ.jfif

ОРКЕСТР 2.jfif

НОВОБРАНЦЫ.jfif

Пополнение в ряды Национальной гвардии

Во исполнение поручении Президента Республики Казахстан К.К.Токаева о военно-патриотическом воспитании молодежи и дальнейшего повышения положительного имиджа воинской службы 27 мая 2022 года в войсковой части 5573 Национальной гвардии РК проведен воинский ритуал «Торжественные проводы призывников весеннего призыва 2022 года в ряды Национальной Гвардии Республики Казахстан и чествование военнослужащих срочной воинской службы, увольняемых в запас».
На торжественном митинге напутственными словами выступили командир войсковой части 5573 полковник Аян Есжанов, заместитель председателя Центрального Совета ветеранов Копболсын Бекмагамбет и заместитель председателя республиканского общественного объединения "Ветераны Вооруженных Сил" генерал-майор в отставке Марат Нагуманов, заместитель председателя городского Совета ветеранов Жұмағатов С, заместитель председателя общественного объединения Райгуль Мушанова. Перед увольняемыми в запас солдатами последний раз прошли торжественным маршем личный состав части. Особое внимание уделялось призывникам и родителям, студентам колледжей. Их ознакомили с казармой, техникой и вооружением, образцами формы одежды и эпикировки. Начальник Департамента по делам обороны города Нур-Султан полковник Мурат Берекполов резюмировал: "Каждый год, весной и осенью волна за волной, потрадиции старшего поколения, идут на замену отслужившим солдатам молодое пополнение новобранцев. Мы верим, что они достойно будут нести вахту по охране мира и спокойствия нашей Родины! Удачи в ратном деле, счастливого пути!" Мероприятие завершилось праздничным концертом военных песен. На мероприятии приняли участие руководство акимата столицы, командование Национальной Гвардии РК, председатели Центрального и городского Совета ветеранов, ветераны афганской войны, призывники и их родители, 150 студентов колледжей. Мероприятие организовано столичным акиматом, командованием Национальной Гвардии РК и Департаментом по делам обороны города Нур-Султан.

                         ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ.