Үлгілі отбасының өнегесі!
Үлгілі отбасының өнегесі
«Отан - отбасынан басталады» - дейді дана халқымыз. Отбасы қаншалықты өнегелі болса, онда өсіп жетілген ұрпақ дәнді, қуатты болады. Адам бойындағы асыл қасиеттер бала жүрегіне ат-ана тәрбиесі арқылы қалыптасады.
Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2024 жылдың қортындысы ретінде 18 желтоқсан күні Астана қаласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында үлгілі отбасылар арасында байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты:Бір отбасының бала тәрбиесіндегі ұстанымы, қағидасы.Күнделікті әр отбасында, әдетке айналған орындауға міндетті істері. «Баланы жастан» қағидасы бойынша баланы еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа,ізеттілікке, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережелерін үйренуге, салт- дәстүрін сақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Отбасы институтын қалыптастыру Рухани байлықтарды тани білу, оны нығайту. Ата-аналардың, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, Ағайын арасындағы береке, бірлік, ынтымақты арттыру. Байқау бес номинация бойынша өтті. 1.Ұлағатты ата, саналы ұрпақ. 2.Асыл әже, ибалы келін. 3.Үлгілі ана, үкілі қыз. 4.Үлгілі әке, мейірімді ұл. 5.Ағайындар- әулет тірегі.
Оның ішінде әр отбасының біліктілігі, жан – жақты білім мен өнерге, спортқа, мамандықтың әр саласындағы шеберлігі мен жетістіктері , отбасының атадан мұра болып келе жатқан құндылықтары жайында кеңінен көрсету негізделген.Осы талаптар бойынша сайысқа түскен отбасылар ережеге сай бағдарлама көрсете білді. Бес отбасының тарихыда аса қызықты. Бір- біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен қызықтырды.Тіпті қазынағы кенелгендей болдық. Қарты бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтылмайды екен.Мәселен «Алматы» ауданынан қатысқан Дукесов Қуандық әулетінде 300 жылдық тарихы бар, өте көне қобыз сақталған екен. Оның адам таңғаларлық ерекше қасиеті, бір жаманшылық боларда өз өзінен зарлы дыбыс шығаратын болған. Сондықтан оны жабық ұстап, ішектерінің құлақ күйін басып қояды екен. Мұны құбылыс десе болар. Ал Есіл ауданынан қатысқан Хамзиндер әулетінде ата бабасынан қалған таза, сом күмістен соғылған білезік, жүзік сияқты әшекей бұйымдармен бірге қоғам қайраткерлері ұстанған, сыйға тартқан жәдігерлердің сақталуы, біздің ұлттық сертке де дәстүргеде құндылық деп қарайтынына таңданасың.
«Нұра» ауданынан қатысқан Ахметжановтар әулеті қасиетті домбыраны кие тұтқан өнерпаз екен. Қазіргі күні ұмытылып бара жатқан «Ортеке» күйін ойнап қана қоймай ортекені секіртіп күй ырғағымен билетуі ерекше қызықтырды. Оны әулеттің атасы мен немересі орындағаны қандай жарасымды болды.
«Сарыарқа» ауданынан келген теміржолшылар әулеті Ахметовтардың келінінің арнау өлеңімен немеренің күйсандықта орындаған шығармасы әдемі де әсерлі болды. Ал «Байқоңыр» ауданы ағайындар арасындағы ынтымақ пен бірлікті насихаттаған туыстық- ынтымақ қатынастары ағайындар – әулеттің тірегі екенін көрсеткендей болды. Жалпы әр отбасы мүмкіндігінше әулеттің ұстанымын,дәстүрін ашуға тырысты.Ең бастысы әр отбасыдан үйренетін өнеге мен үлгі, тәлім бар екеніне көңіл сеніп, көз қуанды.
Қатысушылар номинацияларға лайықты бағаланып марапатталды. Осындай ауқымды жобаға қатысушыларды қолдап келген ардагерлердің «Есіл толқындары» Халықтық ансамблінің ұжымына ризашылық білдіре кеткен жөн.
ҚР.Журналистер одағының мүшесі Астана қаласының ардагерлер ұйымының медиатоп мүшесі Құспан Қ.Б