Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Әлихан Бөкейхан «Алаш» идеясы және біртұтас Түркі әлемі» атты ғылыми еңбектің тұсаукесері

«Әлихан Бөкейхан «Алаш» идеясы және біртұтас Түркі әлемі» атты ғылыми еңбектің тұсаукесері

Өткен жұмада Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейхан. «Алаш» идеясы және біртұтас Түркі әлемі» (орыс тіліндегі: Алихан Букейхан: идеи «Алаш» и тюркский мир) атты монографияның таныстырылымы мен тұсаукесері өтті. Ұйымдастырылған шараны филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұл ашып, РһD Алма Сайлауқызы жүргізіп отырды.Таныстырылым барысында Әлихан Бөкейханның рухына құран бағышталды.

Алихан 1.jpg Рәсімге қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым, білім және мәдениет саласының өкілдері, қаламгерлер, университеттің ПОҚ мен студент-жастар қатысты. Тарихшы ғалым - профессорлар: Күлзира Искакова, Раушан Иманжүсіп, Мақсат Алпысбес, Қайрат Сақ пен академик Амантай Шәріп тұсаукесер рәсімін іске асырды.

2.jpg Монография авторы - Сұлтан-Хан Аққұлы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зрттеу институтының директоры, белгілі әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, сөз сөйледі және ой-пікірлерін ортаға салды. «Бұл бағыттағы ғылыми ізденісті жұмыстар көп жылдан бері жүргізілуде.Осы арнадағы үлкен табыс, ол Әлихан Бөкейханға қатысты деректердің жиналып, монографиялық еңбектің жүзеге асырылуы.Ғылыми еңбекте Әлихан Бөкейханға қатысты бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған құнды материалдар жинақталды. Одан бөлек, Жапон мұрағатының құжатынан «Алаш Республикасы үкіметі неге «Алаш Орда» аталды?» деген маңызды сұраққа да тиянақты әрі нақты жауап табылды. Келесі жылы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай 28 том еңбекті шығарғалы отырмыз», - деп атап өтті Сұлтан Хан Аққұлы.

3.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінде:«Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз», - деп гуманитарлық ғылым саласы өкілдеріне жаңа тапсырманы жүктегені баршамызға белгілі. Монографияда Әлихан Бөкейханның Ұлығ Ұлыс пен Қазақ хандығының жер аумағында олардың мұрагері ретінде Алаш Орда мемлекетін құрудан бұрын, қазақ халқына осы Ұлығ Ұлыс пен Хандықтан мұраға қалған жерін қайтару жолындағы қиян-кескі күресі, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен партиясын құрған тарихы нақты айғақ-деректерге сүйене отырып баяндалады. Кітап жалпы оқырманға, оның ішінде ғалым, профессорлар мен оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар,докторанттарға және ұлт тарихын сүйетін көпшілік қауымға арналған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жапонияның Сыртқы Істер министрлігінің мұрағаттарынан 2022-2025 жылдары табылған тың тарихи құжаттар – бүгінгі тарих ғылымы мен Алаш тарихын зеттеуші ғалымдар үшін үлкен олжа және зор ғылыми жаңалық болып табылатындығы сөзсіз. Әлихан Бөкейханға қатысты құнды материалдардың дербес кітап болып жарыққа шығуы ғылыми-танымдық, идеологиялық және ұрпаққа ақиқатты жеткізу үшін өте маңызды деп санаймыз.

Күлзира Искакова ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана қаласы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңестері Президиум мүшесі,филос.ғ.к.,профессор**