Ұлы Абай тойы – Достық үйінде
Ұлы Абай тойы – Достық үйінде
Биыл елімізде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы өткізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен артында өлмейтұғын сөз қалдырған Хакім Абайдың асыл мұрасын насихаттау кейінгі ұрпаққа алтын қазына, мұра ретінде үлгі ету.
Осы орайда «Достық үйі» мәдени орталығының бастамасымен Ұлы Абайдың мерей тойы және Алғыс Айту күні қарсаңында «Елорда» ардагерлер ұжымы осы орталықта үлкен концерттік бағдарламаға арнайы дайындықпен келді. Әдеби-сазды кеште Хакім Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» a capella, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Өзгеге көңілім тоярсың», әндері хордың орындауында болса, «Сегіз аяқ» әнін хордың әншісі Әлімханқызы Ақынгүл орындады. Концерттік бағдарламаның жүргізуші Үміт Жакетқызы Ұлы ойшыл Абайдың асыл сөздерін үйлестіріп отырса, баянда сүйемелдеуші Жекен Молдағалиұлы Теберіков әндерді құлпыртып, нұрландырып, құбылтып әншілерге қалыптасқан түрде демеуші болды. Концерт Алғыс айту күніне орай жалғасын тапты. Қиын-қыстау кезеңінде қазақ елі әртүрлі халықтарға пана болып, қамқорына алды. Осығын орай Корей халық әні «Ариран», қытай халқының Қазақстанға ризашылық әні «Менің қазағым» (қытайша), қырғыздың әні «Таң сыры», украин әні «Несе, Галя воду», «Подмосковные вечера», «Жайдарман» әндерін хор түрлендіріп орындады. Қазақтың халық әні «Беу, айдай», інжу-маржаны «Үкілім-ай» жан-жүректі тербеп сәтті шықты. Айгүл Исабаеваның орындауында «Қазақтың дастарханы», вокал тобы Шәмшінің әндерінен попурри, «Ана туралы баллада», «Күн дидарлы Қазақстан», ерлер тобы орындауында «Туған ел» кештің сәнін келтірді. «Елорда» ардагерлер хорының орындауындағы әндерді көрермендер жылы қарсы алып, қол соғып, ыстық ықыластарын білдірді. Қордың құрамында отызға жуық ардагерлер бар, дәстүрлі әншілер емес, зейнеткерлер: дәрігер, ұстаз, құрлысшы, спорт шеберлері т.б. мамандық иелері. Немере шөбере бағып, арасында хорға келіп, кейінгі жастарға қазақтың салт дәстүрін, қол өнерін, халық әндерін насихаттап, азда болса елімізге қызмет жасап, жастарға тәлім-тәрбие беріп жүрген жандар. Кеш соңында хордың жетекшісі Үміт Әлібекқызы Дүйсенова көрермендерге ықылас қойып тыңдағандарына, қол соғып қошемет көрсеткендеріне және «Достық үйі» басшылығына алғысын айтты.
**«Елорда» ардагерлер жетекшісі
Дүйсенова Үміт Әлібекқызы
Нұр-Сұлтан қаласы**