Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ!

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ!

Олжас 90.jpeg

Бүгін, 26 маусымда Алматы ауданына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында Қазақстанның мәдениеті мен әлемдік әдебиетінің алып тұлғасы, көрнекті қоғам қайраткері , ақын, жазушы, лингвист-ғалым, Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90 жылдық мерей тойына орай аудан ардагерлерінің зерттеуші-ғалымдармен кездесуі өтті. Жиналған жұртшылықпен кездесуді Л.И.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің философия ғылымының кандидаты, профессор, «ЕНУ» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Астана қалалық және Алматы аудандық ардагерлер Кеңестері Президиумының мүшесі Күлзира Ыдырысқызы Искакова ұйымдастырды.

трое.jpeg

Тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ардагер профессоры Амангелді Нұркеұлы Қашқынбаев «Олжас Сүлейменов пен Ильяс Есенберлин: шығармашылықтарының бастауларындағы үндестік» тақыры бойынша әңгіме қозғады.

ғалым.jpeg

Мұнда көпшілік біле бермейтін қызықты жайттар әңгіме болды. Тарихи деректер шынайы жеткізіліп, жүректерге мақтанш сезімін ұялатты. Кездесуге келген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақстан-Белорусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры, Республикалық Ұлттық Тарихшылар Конгресі Хатшылығының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Нұрмақұлы Қалиев әңгімесін «Олжас Сүлейменовтың ұлттық тарихтағы тұлғалық бейнесі» тақырыбында өрбітті.Тұлғаның "Мен ҚАЗАҚ деген ел едім" Ақберген Елгезек аударған өлеңін, қалалық медиатоп мүшесі, Қазақ радиосының "Құрметті дикторы" Күляш Молдахметова нақышына келтіріп орындады.

Күләш апай.jpeg

Кездесуге Астана қалалық ардагерлер Кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Менлібаева, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Қарлығаш Ахметова, медиатобының мүшелері Қарлығаш Құспан, Күляш Молдахметова, Баян Бұлғақбаева және Алматы ауданының ардагерлері қатысты. Өте қажет, терең мағыналы әңгімеде Олжас Омарұлының еліне жасаған еңбектері жан-жақты еске алынды. тыңдаушылыр.jpeg

спикерлер.jpeg

Ғалымдармен өткізген әңгіме барысында сұрақ-жауаптар көп болды. Жұрттың қызығушылығын тұтандырған ғалымдарға Астана қалалық ардагерлер Кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Дәулетқанқызы рақмет айтты. Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі мен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының басшыларының атынан «Алғыс хат» табыс етілді.

                                     Баянды ӘЛПИ,
                         ҚР Жазушылар одағының мүшесі