Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҰЛЫ ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ!

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ,ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ, ЕҢБЕК ҚЫЗЫЛ ТУ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» СҮЙІНДІКОВ ОТЫЗБАЙ СҮЙІНДІКҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ КЕШІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

                **Өтетін орны:** Астана Халықаралық 
                  университетінің педагогикалық   
                   колледжінің акт залы, 
                   І.Жансүгіров көшесі, №4 ғимарат

                Өтетін мерзімі: 12 қаңтар, сағат 11.00де.

                      Модератор: 
      Адильжанов Ардақ Аділғазыұлына – колледждің директоры

ВСЕ.jfif

11В МУЗЕЕ.jfif

«Астана қаласының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының білім беру саласының Құрметті қызметкері», тыл ардагері, қоғам Қайраткері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері,қырық жылдан астам Астана қаласының білім саласының ардагер-Қайраткері, педагогикалық колледждің отыз жылға жуық басқарған қарт, дана, кеменгер, Сүйіндіков Отызбай Сүйіндікұлының бақилық болғанына биыл 17 қаңтарда бір жыл болады. Марқұмның еңбек жолы білім саласына арналғанын және өмірде өзіндік із қалдырғанын ескере келе, қалалық ардагерлер кеңесінің ұсынысымен марқұмның отбасымен және көзкөргендерімен осы колледждің ұжымымен кездесіп, еске алу кешін ұйымдастыруды жөн көрдік. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел, тегі, алсын қайдан кемеңгерді» деген І.Жансүгіровтың Құлагеріндегі поэмасындағыдай, біз үшін, өскелең ұрпақ үшін жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді дегендей осы кештен салмақты тың естелік пен ұсыныстарды күтеміз. Кезінде колледж, ұстазына арнайы музей ашқан екен, соған үлес қосу, келешекте қалалық білім басқармасы марқұмның педагогикалық жолынан ерекше тәсілдерін қолдана келе, ұстаздарға арналған методикалық құрал жабдықтарды шығару жолдарын қарастырса, Отызбай Сүйіндік қарияның еңбегін зерттесе деген ұсыныстар туындайды, реті келсе осы колледжге марқұмнын атын беруге ұсыныс еңгізу Кездесуге қатысып отырған қонақтар өз ойларымен бөлісіп, жақсы кештің куәгері болайық.

Шақырылған қонақтар:

  1. Байкен Есет Берікұлы қала әкімінің орынбасары
  2. Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы қалалық Білім Басқармасының басшысы
  3. Бабамұратов Дәурен Әбутәліпұлы қалалық Ішкі саясат Басқармасының басшысы
  4. Есілов Сансызбай Сейтжанұлы Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы
  5. Жұмағатов С.С қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары
  6. Аширов А.А қалалық ардагерлер кеңесінің медиатоп жетекшісі және мүшелері:
  7. Байғазин М.Ж
  8. Агибаева Р.М
  9. Молдахметова К.К
  10. Мұстафин М.К Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы
  11. ҚұсаиноваУ.А Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы
  12. Атығаева Р.Т Есіл ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы
  13. Намазшамов Қ.Н Байқоңыр ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы
  14. Еркетаев М.Д Астана қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры
  15. Хабар 24 телеарнасының және «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газаттерінің журналистері
  16. Марқұмның отбасы (жеке тізім бойынша)
  17. Ирсалиев Серік Азтайұлы-Астана Халықаралық университетінің Президенті
  18. Адильжанов Ардақ Аділғазыұлына – Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледждің директоры
  19. Колледждің оқытушылары мен шәкірттері 150 адам (жеке тізім бойынша). Сөйлеушілер және интервью беретін тұлғалар
  20. Білім Басқармасының басшысы- Сенғазыев Қасымхан Сенғазыев
  21. Колледж директоры- Адильжанов Ардақ Аділғазыұлы

ПРЕЗИДИУМ.jfif

9 БАЙҒАЗИН М.Ж.jfif

  1. Ардагер ұстаз-
  2. Колледж оқытушысы- Ибраева Анар Құсайынқызы
  3. Марқұмның жұбайы -Сүйіндікова Светлана Нұрымовна Кездесу барысында музеймен танысу.

ДИРЕКТОР.jfif

12 СОРАТНИКИ И ВНУКИ.jfif

РОЗА АПАЙ.jfif

СВЕТА АПАЙ.jfif

РАИСА.jfif

Соңында естелікке суретке түсу. Ұйымдастырушылар атынан жауаптылар: 1.Қалалық ардагерлер кеңесі.Жауапты Меңлібаева С.Д. 55-14-83;+77772398008

  1. Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің Директоры Әділжанов Ардақ Аділғазыұлы +7-777-298-36-88

Директордың орынбасары Какенова Эльмира Тарбақбайқызы Кабинет меңгерушісі Дана Сейдалықызы -+7747-780-13-47

  1. «Хабар-24 ТА», Молдахметова Күләш Кәйләнқызы+7-701-433-1985 Тележурналист Оңалтай+7-701-528-68-61

          **Бірегей Тұлға**

10 МУЗЕЙ2.jfif

1 МУЗЕЙ.jfif

Жүргізуші

Зерделеп өнегені бала жастан, Ұстаз болып жаралған әуел бастан. Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ, Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен нар тұлға Өзіңізден бастау алар бар арман. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, өзінен кейінгі ізіне ерген жастарға ізеттігін аямаған, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1974-2001 жылдар аралығындағы колледжіміздің басшысы Отызбай Сүйіндікұлы Сүйіндіковті еске алуға арналған «Бірегей тұлға» атты еске алу кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі кешіміздің қонақтары Отызбай Сүйіндікұлының жары Светлана Нұрымовна, Кешімізді ашу үшін сөз кезегі колледж директоры Адильжанов Ардақ Аділғазыұлына беріледі.

1.Танысу Жүргізуші Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз ісінің маманы, көпшіліктің адамы бола білген Отызбай атамыздың колледж үшін атқарған қызметі орасан зор. Жас ұрпақтың тәрбиесіне, жас мамандар даярлауда елеулі үлес қосқан, ел құрметіне бөленген ұлағатты ұстазымыздың өмір жолына назар аударсақ... Экранда ВИДЕО

Ел ұстаздарының әрқайсысының ешкімге ұқсамайтын өз тағдыры, өз тарихы бар. Отызбай атамыз «Егер мүмкіндігін болса адамдарға міндетті түрде көмектес» деген өмірлік ұстаныммен өмір сүрген кісі. Ең басты қасиеті «Адамгершілік пен шынайылық». Сүйікті ісі - әдеби кітаптар оқу, балық аулау, балықтан түрлі ас әзірлеу болған екен. Бар ғұмырын ұрпақ болашағына арнаған қадірлі ұстаздың орны мен қадірін, ел өміріндегі алатын орнының биіктігін көрсету, ұстаз еңбегінің жан-жақтылығын насихаттау әр ұрпақтың міндеті және парызы. Бүгінгі еске алу сағатымызда алғашқы сөз кезегін кешіміздің қадірлі қонағы Отызбай атамыздың жұбайы Светлана Нұрымовнаға береміз.

  1. Толғау Жүргізуші Отызбай Сүйіндікұлы 1974-2001 жылдары колледжде директорлық қызмет атқарды.Осы жылдардағы колледж тарихы Отызбай атамыздың өмір жолымен тікелей сабақтасады. Педагогикалық училище қандай жетістіктерге жетіп, қаншалықты биіктікке көтерілсе сол асуларда ағартушы ұстаз, білікті басшы Отызбай Сүйіндікұлының да төккен тері, атқарған еңбегінің айшықты ізі жатыр. Отызбай Сүйіндікұлы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға үнемі отыруға ықпал етіп отырған. Саналы ғұмырын халық ағарту ісіне арнаған атамыз жайлы осы ұжымда 25 жылдан астам басшылық жасаған кезеңде, оқытушылық қызмет атқарған әріптестеріміздің естеліктеріне назар аударсақ Экранда ВИДЕО

Отызбай Сүйіндікұлы басшылық жасаған уақытты қызмет атқарған ұстаздарымыз арамызда отыр. Ендігі еске алу кезегі сол кісілерге беріледі

Жүргізуші Ұстаздың айтуынша Кітап-адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интелектісінің көрінісі. Ол-тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Басты рухани байлық-кітапта. Заман талабына сай жан-жақты қалыптасқан шебер ұстаз болам десен-Кітап сенің серігін болу керек!-, деп кейінгі ұрпаққа кітап оқуды насихаттап кеткен. Колледжімізде 2015 жылы 5 мамыр күні Білім беру ісінің құрметті қызметкері Отызбай Сүйіндіковтің атына кабинет ашылған болатын. Кабинетте Отызбай Сүйіндікұлының қызметтегі жетістіктері, естеліктер, колледж тарихына байланысты мәліметтер жинақталған. Кабинеттің ашылуына материалдар жинақтап басшылық жасаған, әріптесіміз Казығұлова Маржан Ясынқызына сөз кезегі беріледі

3.Самғау Жүргізуші Әр мамандықтың мәні зор, жазушы өз шығармашылығымен өмір сүреді, ал ақын шабытымен шарықтайды, суретші - өзінің бейнелеу өнерімен, сәулетші-сәулет өнерімен, ал мұғалім болса-оқушының тәрбиесімен, білікті білімімен өмір сүреді. Уақытпен санаспай еңбек етіп, маңдай терін төккен қажымас қайрат иесі - Отызбай Сүйіндікұлының еңбегін өмірдің сан-саласында жүрген шәкірттері оның баға жетпес қасиеттерін ерекше бағалайды және ризашылықпен еске алады. Отызбай атамыз басшылық жасаған уақытта білім алған студенттер қазіргі таңда коллеждіміздігі беделді оқытушылардың бірі. Енді сол оқушылардың естелігін тыңдасақ

Жүргізуші Тарих ешқашан тоқтамайды. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанда тарихтың тамыры тереңге жайылады. Өткенімізді өшірмей кейінгі ұрпаққа жеткізу әрбір шәкірттің адамдық борышы. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иесі ардагер ұстазымыздың еңбек жолы көпке үлгі өнеге. Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»-, демекші бүгінгі еске алу сағатында Отызбай Сүйіндікұлы көптеген мәліметтермен таныстық. Кейінгі ұрпақ есте мәңгі сақтайды.

                    **АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ.**