ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ!
Қаныш Сәтбаевтың туғанына
125 жыл толғанына арналған ғылыми дөңгелек үстел жұмысы ардагерлердің қатысуымен өтті.
Қаныш Сәтбаев – аса көрнекті геолог-ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасыр ғұламасы! 12 сәуір – Ұлт мақтанышы, Қазақ Елінің қазына байлығын ашушы, Елімізде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, еліміздің алғашқы академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды және осы датаға орайластырылған Ғылым қызметкерлерінің күні аталып өтті.
2024 ж. 9 сәуірі күні ҚР МжАМ Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақстандағы ғылымның дамуындағы Қ.Сәтбаевтың рөлі» атты ғылыми - танымдық Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысы «Қазақ ғылымының негізін қалаушы» көрмесімен танысудан және «Геолог Қаныш Сәтбев туралы» бейнежазбаны тамашалаудан басталды. Бейнежазбада - Қаныш Сәтбаев- ғылымның сан саласын игерген ғұлама ғалым. Академик қазақтың жер асты байлығын бүкіл әлемге танытты. Қаныш Имантайұлы 1926 жылдан бастап, Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын зерттеді. Оның тапқан қазба байлықтарынан химия элементтерінің бәрін кездестіруге болады. Сәтбаев Қазақ ғылым академиясының негізін қалады, геология институтын құрды. Қазақтан шыққан тұңғыш академик Ол геолог, ғалым ғана емес әдебиетші, тарихшы, математик болғандығы айтылды. Дөңгелек үстелді жүргізген МОДЕРАТОР - Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы -т.ғ.д., Л.Н.Гумлев ат.ЕҰУ тарих факультеті профессоры. Дөңгелек үстел жұмысына арнайы шақырылған қонақтар Алтынбек Нухұлы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Рустам Али - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы, PhD; Құспан Роллан Қабылұлы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасының орынбасары. Дөңгелек үстел жұмысына қатысып сөз сөйлегендер: Болдыков Жандос Бекділдаұлы – Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD; Искакова Күлзира Идрисовна – филос.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ профессоры; Баймуханов Мұхамедқали – шығыстанушы, гуманитарлық ғылымдар профессоры, «Қазақстанның құрметті журналисі», Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми қызметкерлері; Есқалиев Самат Амангелдіұлы – т.ғ.к., А.Құсайнов ат. ЕАГИ профессоры; Өтепова Гүлфира Елубайқызы – т.ғ.д., Ә.Марғұлан ат. Павлодар педуниверситетінің профессоры; Сонымен бірге, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ-і Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері мен магистранттары: Кенжебекқызы Райяна,Қуаныш Ақбер, Қалдар Ислам – тақырыпты талқылауға қатысып,өз ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысын «Хабар» ТВ жаңалықтарында көрсетіді.
Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толғанына арналған ғылыми дөңгелек үстел қатысушылары.
Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ ардагерлер ұйымының Төрайымы Искакова Г.И