Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ!

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ!

Бүгін, 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақат алып Ақмола қаласындағы әскери госпитальда жатып, қаза болған жауынгерлерге тағзым етілді. Н.Тілендиев атындағы зиратта жатқан он бір жауынгерлерге қойылған ескерткіш басына Астана қаласы ардагерлер Кеңесі мен аудандық ардагерлер кеңестерінің зейнеткерлері жиналды. возложение.jfif

женщины.jfif

Әскери үрмелі аспаптар оркестрі ойнап, қаза болған жауынгерлер жерленген Н.Тлендиев атындағы зираттағы солдаттардың ескерткішіне қалалық, аудандық әкімшіліктерден және қаланың ардагерлер Кеңесінен гүл шоқтары мен гүлдер қойылды.

все.jfif

Тағзым жасау кезінде зират басында сөз сөйлеген қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Есілов Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан бір миллион екі жүз мың адам қатысқанын айта келіп, екі үйдің бірінде азаматтардың оралмағанын есіне түсірді. Сонымен қатар осында тұрғандардың көпшілігі соғыс азабын тартқан аға ұрпақ жастарға соғыс туралы айтып, оны біліп жүруді аманат етіп тапсырып жүрген жандар. Басқа да сөз сөйлеген азаматтар да соғыс азабын ата-аналарынан естіп өскендерін жеткізді.

дух.оркестр.jpg

құран.jfif

Жиналған аға буын осы бір тарихи кезеңді жастарға жеткізіп, атадан алған аманаттарын жеткізуді өздерінің парызы деп санайды. Зираттағы ескерткіш басында молда құран оқыды, шіркеу қызметкері дұға жасады. Жиналған аға буын және әскери азаматтар тағзым етіп, бас иіп тарасты.

                                          Баянды Әліпби Алматы ауданы ардагерлер
                                                кеңесінің медиатоп жетекшісі.