МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВ 100: БАТЫР,ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ,ТҰЛҒА!
Махмет Қайырбаев 100: батыр, қоғам қайраткері,тұлға.
Өткен жұмада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасында Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлік жолы» атты батырдың ұлы, полиция ардагері Мұрат Қайырбаев ұйымдастырған Іс-шара өтті . Еске алу кездесуіне Мәжіліс депутаттары, университеттің, Алматы ауданы ардагерлер кеңесі мүшелері және жастар қатысты. Салтанатты іс-шара университеттің Ғылыми кітапхананың директоры, филол. ғ., к., доцент, Бақытжан Оразалиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Алдымен, батырдың өмірі мен ерлігі жайлы баяндайтын деректі бейне баян көрсетілді. Содан кейін «Ғажайып адамдар өмірі» сериясы («ЖЗЛ» сериясы) бойынша жарық көрген Махмет Қайырбаев туралы баласы Мұрат Қайырбаевтың кітабының тұсауы кесіліп, автор осы шығарманың дүниеге келу тариыхынан сыр шертті. Әкесінің өмірі, ерліктері мен еңбектері бүкіл қазақ халқына белгілі екенін атап өтті. Ол батырдың 100 жылдық мерейтойлық медалін қонақтарға тапсырып, кітаптарын ЕҰУ нің кітапханасына сыйға тартты
Ресми Сөз ҚР ІІМ ардагерлерінің төрағасы, генерал-майор Өмірзақ Болсамбековке ұсынылды. Өмірзақ Қоспанович Махмет Қайырбаевтың әскери өмірі мен батырлық мінезі туралы ой бөлісті. Ал Тлеукенов Михаил Максимович батырдың адами мінездеріне тоқталды. Кеште кейіпкерді білетін басқа да ардагерлер қызықты естеліктер келтіріп, оның батылдығы, табандылығы мен қайсар мінезін еске алды. Салтанатты кеш Әлеуметтік-азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілеп бастаған университеттің жас өнерпаздарының кішігірім концерттік номерлерімен аяқталды.
Кеш соңында шараны ұйымдастырып, өткізуге үлес қосқан университетіміздің омбудсмені Шәпекова Нэля Лұқпанқызы, Әлеуметтік-азаматтық даму департаментінің директоры, Жамбыл Тілеп, ЕҰУ ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлзира Искакова, үздіксіз білім беру институтының директоры Асем Серікқызы, ғылыми кітапхана директоры Бақытжан Әсетілдәұлына кітап авторы Мұрат Қайрбаев өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Зиялы қауым батырлардың есімдері жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы керек деген ҚОРЫТЫНДЫҒА келді. Ұлттың мақтанышы болған батырдың есімі ел есінде мәңгі сақталады! Махмет Қайырбаев туралы қысқаша дерек. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, бірден әскери-артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. Бас командованиенің резервіндегі 17- дербес танкіге қарсы истребитель-артиллерия бригадысының құрамында әр түрлі майдандарда соғысты. 1 және 2 дєрежелі Отан соғысы, Александр Невский ордендерімен, медальдарымен наградталды. 1944 жылдың 19 Литва жерінде, Шауляй қаласының батысвнда Қайырбаев он бес жауынгермен 70 – ке жуық фашистті өлтіріп, қоршауда қалған батареяға көмекке жетті, жаудың жеті атакасын тойтарды. Екі зеңбірек істен шықты. М. Қайырбаев қалған зеңбірекпен жаудың үш танкісін өртеп, немістің жаяу әскерімен бетпе-бет ұрысқа кірісті. Кескілескен осы шайқаста ер жүрек офицер бастаған жауынгерлер бір батальонға жуық гитлершілерді жайратты. Неміс танкілеріне Шауляйға өтер жол жабылды. 1945 жылғы 24 наурызда Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Батыр, Алтын Жұлдыз кавалері Отанына оралып, қажырлы еңбегіне кіріседі. М.Қайырбаев 1945 жылы Ф.Дзержинский атындағы соғыс академия курсын, ал, 1960 жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірді.1946-57 жылдары Успен және Ермак аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, 1957-68 жылдары Краснакутск аудандық партиясының хатшысы болады. 1968-76 жылдары Павлодар облыстық комитеттің 2-ші хатшысы, 1976-1982 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. 9 орденмен марапатталған, соның ішінде Ленин ордені (1945), Александр Невский (1945), Еңбек Қызыл Ту ордендері (1957,1966,1971), І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ордендерімен, Октябрь революциясы және көптеген медальдармен марапатталды. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылы Павлодар қаласының бір көшесіне Махмет Қайырбаев есімі берілді. 1997 жылы Данқ аланыңда бюст тұрғызылып, ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.
«Искакова Күлзира, .филос.ғ.к., профессор, ЛН.Гумилев ат. ЕҮУ Ардагерлер кеңесінң төрағасы, Астана қ. мен Алматы ауданы Президиумдары мүшесі»
**