Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Өміріңді ұзартып қуат берген

мақалаға.jpg

«Жанарыңды сөндірмей шырақ берген, өміріңді ұзартып қуат берген» - деп ақ халатты абзал жандар – дәрігерлерді осылай дәріптейміз. Әрине ол лайықты баға! Дәрігер мамандығының қиында қатерлі, жауапты екені 2020 жылғы «Covid» індеті кезінде анық көрінді. Аса жұқпалы, вирус арқылы тарайтын аурудан адамдарды арашалап қалу үшін 24 сағат аяқтарынан тік тұрып, өз жандарында аямай жанкешті еңбек еткенін білеміз. Тіпті қауіпті індетті жұқтырып қаншама білікті дәрігерлер құрбан болды. Өкінішті – ақ .Сондықтан адам жанының арашасысы дәрігерлерге деген құрмет қашанда жоғары болмақ. Көпшілік арасында әртүрлі көзқарас, пікір болғанымен түптеп келгенде адам өмірі үшін дертпен күресетін бірден бір арашашы дәрігер екенін мойындауымыз керек.
Барлық сала сияқты медицина саласында да қиындақтармен жетістіктер қатар жүруі заңдылық. Уақыт талабына сай түрлі технологиямен ауруды дер кезінде анықтайтын диагностикалық құрылғылардың жетімсіздігі, ауруханалар мен емханалардағы бітіп болмайтын кезек күтіп сарылу, ауруханаға жатып қаралудың қол жетімсіздігі, дәрі – дәрмектердің қымбатшылығы сияқты мәселелер бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Оның себеп салдары да белгілі. Шетел тәжірибелерін орынды, орынсыз тықпалаудан медицина саласын басқару жүйелері түбегейлі өзгеріске ұшырап жұртшылықтың наразылығын тудырды. Қазіргі таңда ол олқылықтардың орны толып ізгі қадамдар жасалынуда. Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбектің бекіткен «2025 жылға дейін «Белсенді ұзақ өмір сүру» егде жастағы азаматтардың жағдайын жақсарту іс-шаралар жоспарын» іске асыру туралы мәселе қалалық ардагерлер кеңесінің үнемі назарында. Астана қаласының ардагерлер кеңесінің «Ардагерлердің денсаулығын қорғау» тұрақты комиссиясының төрағасы «Астана медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті» деканының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Шварц В.В үнемі ардагерлердің хал-ахуалын комиссия назарында ұстап, қаланың емханаларында геронтология кабинеттеріне қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаның орындаун үнемі бақылауда ұстайды. Астана қаласының әр аудандарында халық тығыз орналасқан аймақтарында емханалар ашылып жатыр. Олардың көбінде күндізгі стационорлар жұмыс істейді. Соның жарқын айғағы ретінде ТОО «Емхана CITY» қызмет көрсету орталығын айтуға болады. Ашылғанына 2 жылдай ғана болған емханада 90000 дай адам тіркеліп, тиісті дәрігерлік көмек алып жүр. Сонымен бірге оның қалада 5 филиалы ашылып жұмыс істеп тұр. 56 дәрігерлік бөлімшеде участкелік дәрігер, медбике және т.б қызметкерлер бар. Мерзіміне сай уақыты келген адамдарды скринингтен өткізіп отырады. Соның нәтижесінде атересклероз, жүрек қан тамыр аурулары, глаукома, омырау безі, тік ішек, асқазан сияқты ағзалардың дертін анықтап , асқындырмай емдеуге қол жеткізіп отыр. Өкінішке орай адамдар өз денсаулығына көңіл бөле бермейді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді» ескермейді. Дәрігерлерден гөрі емшілерге барып түрлі БАДЫ преператтарын қолданып ауруды асқындырып алады. Ондай әдеттен арылу керек дер едік. ТОО «CITY» емханасында ауруды диогностикалық жолмен анықтайтын аппараттар жұмыс істейді. Түрлі ультрадыбыстық құрылғылар рентген, флюрография, эндоскопия, компьютерлік томография бар. Невролог,эндокринолог, кардиолог, ревмотолог, травмотолог, хирург, онколог, гастроэнтролог сияқты негізгі маман дәрігерлер, тәжірибелі медбикелер емделушілерге қызмет көрсетеді. Күндізгі стационар , оңалту бөлімі, амбулаториялық хирургия емдік физгультуралық массаж секілді қосымша емдеу қызметтері қол жетімді болды. Емделушілердің арасында жасы келген егде адамдар , зейнеткерлер, жүріп тұруы қиын топтағылар кезек күтіп шаршамауы үшін белгіленген ережеде бар. Арнайы участктің дәрігері ондай адамдардың үйіне барып тиісті ем – дом жасайды. Есепте тұратындарға тегін дәрілер беріледі. Белгілі бір маманға тіркелу үшін көп күттірмеудің жолы да қарастырылған. Қазіргі зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарына барып денсаулықтарына пайдалы істерімен шұғылданады. Йога, фитнес жаттығулар, ән салып би билеу, шахмат, тоғызқұмалақ секілді ойындарға қатысу егде адамдардың жүйкесін тыныштандыруға, негативті ойлардан арылуға үлкен әсері етеді. Мұндай орталықтар ашып ардагерлерге қамқорлық жасап, белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай туғызып отырған қалалық әкімшілік пен ардагерлер кеңесіне айтар алғысымыз көп. Ол дәрігерлердің жұмысына да септігін тигізуде . Емхананың бас дәрігері Оспанова Әйгерім Қайырқызы жаста болса бас бола білетін іс тетігін меңгерген білікті басшы екенін бірден байқадық. Ізетті, мәдениетті қазақ тілінде жетік жас басшының аса жауапты саладағы еңбегіне табыс тіледік. Емхананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Уатаева Эльмира Сайлауқызы, ұйымдастыру үйлестіру жұмыстарын жетік білетін Широков Илья Николаевич емхананың маңдай алды қызметкерлері туралы жылы лебіз білдірді. Олардың ішінде бөлім меңгерушілері Гүлзат Қалдыбекова,Жангүл Аликеева, дәрігер- уролог Сәрсен Доғамбеков, бас мейірбике Сәуле Тежекенева, мейірбике Күләш Төкенова, рентген- лобарант, фельдшер Альмухаммедали Қарабай, Эксперт Ғалия Әбдироманова бар . Бізде өз тарапымыздан емхана ұжымының және барша елордалық медицина қызметкерлерін Астана қаласының ардагерлер ұйымының атынан халық алдында адал атқарып отырған жұмыстарына табыс тілеп, кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Мереке құтты болсын ақ халатты абзал жандар !

ҚарлығашБәкенқызыардагержурналист