Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын еуразияшылдықтар зор ықыласпен қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын еуразияшылдықтар зор ықыласпен қабылдады
Жаңа Жолдауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялады. Президент Жолдауын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып тыңдаса, ал университетің құрылым басшылары, профессор – оқытушылары және құрметті ардагерлері оқу орнының Ғылым залында тікелей эфирден зор ықласпен тыңдады.
Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күннің жоспарларын - сегіз негізгі бағытын айқындап берді: БІРІНШІ. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет. ЕКІНШІ. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.ҮШІНШІ. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. ТӨРТІНШІ. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.
БЕСІНШІ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.АЛТЫНШЫ. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.СЕГІЗІНШІ. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды.
Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлген.. Ол үшін Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заңның қабылдануы, балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатыны, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның күшейтілуі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заңның қабылданғаны дәлел ретінде келтірілді Сонымен қатар Президент қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бары және бұл – өте өзекті, қоғамдық қатерге айналғанына тоқталды. Осы бағытта арнайы заңдар қабылданып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шаралар қолға алынғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отырғанын, жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шеккенін айта кетті. Тіпті, олардың арасында тұтас отбасылар бар екенін қынжыла жеткізді. Президент бұл орайда жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін алға тартты. Бұл – республикалық жолдарға қатысты мәселе екені және осы салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажеттігін ескертті. Президентті жүргізушілерді даярлау деңгейінің төмендеп кеткені, жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттарды да айтты. Осыған Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі, депутаттар да көңіл бөлсе екен деді.
Президент Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігін атап өтті. Бұл бағытта елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастағанын, оларға мейлінше қолдау көрсету керектігін айтты. Президенттің айтуынша, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырыс біртіндеп көбейтіледі және үздік университеттердің нақты сектормен байланысы нығаяды. Сондай-ақ ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін «академиялық туризмге» айналдырмау керектігі де ескертілді.Елбасы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын деп айты Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келетінін еске салды
Президент: « Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек»,- деді. Президент айтқан басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру және әділетті Қазақстан орнату. Жолдауда айтылған жаңа салық кодексін қабылдау, көлік логистикасы, темір жол саласындағы жаңа тариф мәселесі, атом энергетикасының қажеттілігі, жасанды интелект, цифрландыру, табиғатты аялау, туризмді дамыту, су ресурстарын үнемдеу, кадрлық мәселе, грант, білім беруді жетілдіру, мемлекеттік тапсырыс, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік мәселені арттыру, экономикалық ахуалды жетілдіру, мемлекеттік басқару, азаматтардың қаржылық сауатын көтеру. Сонымен қатар қаржы саясатын озық үлгімен алмастыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, заң, тәртіп үстемдігін жоғары деңгейге көтеру мәселелерііне айрықша мән берілді. Президент Жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті қадам. Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың ойынан шығып, Отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын шын жүректен қолдап, онда қойылған тапсырмаларды орындауға даяр екедігін білдірді.
Искакова Күлзира, филос.ғ.к., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Астана қалалық және Алматы ауданы Ардагерлер кеңестерінің Президиум мүшесі