Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Мерейлі отбасы-2019» Ұлттық Конкурсының екінші кезеңі қалалық турға құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі. Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады. Конкурс ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 науырыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қатысуға өтінім төмендегі құжаттармен бірге беріледі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; 7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); 8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет. Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудан әкімдіктерінде және (немесе) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасында (Бейбітшілік көшесі, 11, 526 кабинет) қабылданады. Сондай-ақ өтінімдер электронды мекенжай бойынша да жүргізіледі: Mereilyotbasy2019@gmail.com (pdf форматта). Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша қалалық комиссияларға 2019 жылғы мамырдың 3-недейін беріледі. Қосымша толық ақпараттарды алу үшін 55-66-98, 55-67-08, 55-67-01, 8 701 145 90 34 байланыс номеріне хабарласуға болады.