Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН АЗАМАТТЫҢ БІРЕГЕЙІ ЕДІ

2023 жылғы 09 сәуірде 88 жасына қараған шағында қалалық ардагерлер кеңесінің Құрметті ардагері,пленум мүшесі, Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесінің Төралқа мүшесі, Қоғам қайраткері, Астана қаласының ардагерлер қозғалысының белсендісі

 **АХМЕТЖАНОВ КАЗБЕК ФАТИХҰЛЫ ҚАЙТЫС БОЛДЫ**

А.К.Ф.jpg

Өмірі еңбекпен ерекшеленген азаматтың бірегейі еді. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімінен бастап, комсомол, партия және басқа да қоғамдық-саяси жұмыстардың, облыстық «Білім қоғамы» ұйымының, «Дін істері жөніндегі кеңестің» басшысы болып жұмыс істеді. Ерен еңбегімен әріптестерінің, аудандық және облыстық атқарушы органдардың құрметіне ие болған ардақты азамат еді. Әрқашан адалдық пен әдептілік, принциптілік пен талапшылдық, мұқтаж адамдарға әрдайым көмекке келуге дайын қасиеттермен танымал болды. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де Орталық ардагерлер кеңесінің тексеру және жастар комиссиясының мүшесі, Астана қаласында тұратын Ақмола облысының бұрынғы басшыларының бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы, қалалық және Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің пленумдарының мүшесі болды.Казбек Фатихұлының Ерен еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі үшін еңбегі еленіп көптеген мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Марқұм Ахметжанов К.Ф, әділеттікке толы өрелі істері, қажымас қайрат танытып, ел деп соққан жүрегі, кеңдігі мен кемеңгерлігі азаматтық белсенділік және достық қарым-қатынасы бірге жұмыс істеген әріптестері мен, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөліскен, қоғамдық жұмыста бірге болғандардың жадында ұзақ уақыт сақталады.
Марқұмның туыстары мен жақындарына барша елордалық ардагерлердің атынан қатты қайғырып, шын жүректен көңіл айтамыз.

**09 апреля 2023 года на 88 году жизни скончался общественный деятель, активист ветеранского движения города Астаны ДОРОГОЙ ДРУГ,СОРАТНИК

   **АХМЕТЖАНОВ КАЗБЕК ФАТИХОВИЧ****

Трудовую деятельность начал учителем средней школы, затем работа в комсомольских, партийных и других общественно-политических структурах. Руководитель областной организации «Общество знания», «Совета по делам религии». Он был мудрый товарищь, заслуживший глубокую дань уважения коллег и руководителей районных и областных исполнительных органов. Всегда отличался честностью и порядочностью, принципиальностью и требовательностью, был готов прийти на помощь нуждающимся. По достижении пенсионного возраста являлся членом ревизионной и молодежной комиссии Центрального совета ветеранов, председателем первичной ветеранской организации бывших руководителей Акмолинской области, проживающих в городе Астане. Был членом пленумов городского и Сарыаркинского районных советов ветеранов.
За доблестный труд и активное участие в общественной работе Казбек Фатихович был награжден многочисленными государственными наградами и почетными грамотами. Память о покойном Ахметжанове К.Ф надолго сохранится в сердце коллег ветеранов города Астаны.

              Есилов С.С, Озганбаев Ө.О,
             Бекмаганбет К.Ә,Атыгаева Р.Т, 
             Жумагатов С.С, Кусаинова У.А,
             Мустафин М.К, Намазшамов К.Н,
             Утибаев Б.С, Шиврина Н.В