НАУБЕТ-ХАЛЫҚ ҚАСЫРЕТІ
*«Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»**
30 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлығы 250 офицерлері мен сарбаздарына «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Бекмағанбетов «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: себептері мен салдары» атты тақырыпта дәріс оқыды.Кездесуге қалалық ардагерлер үйымының 20 адам белсенділері де қатысты.
Дәрісті ұйымдастырушы және үйлестіруші филос. ғ. к., ЕҰУ профессоры, университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлзира Искакова кіріспе сөз сөйлеп, дәрістің мақсат-міндетеріне қысқаша тоқталып, Ө.Ж.Бекмағанбетовтың ғылыми ізденістері мен жетістіктерін айтты. «Тарихтағы бұл қаралы күн ҚР Президентінің жарлығымен 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Содан бері 31 мамыр – Қазақстанда 1932-1933 жж. ашаршылық пен 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Еске алу күні, еске алу жылы бізге не үшін керек? Бұл маңызды шара өткендердің былықшылықтарын қайта-қайта қопсыту үшін емес, қоғамды зұлмат зобалаңдарға ұшыратқан қателіктерді болашақта қайталамау үшін өткізіліп келеді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ХХ ғасырдың 20-50 ж.ж. басына қонған қаралы қасіретке арнайы көңіл бөлуде. Мысалы, 2020 жылы қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Президенттің «Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық еске алу» күніне байланысты жолдаған Үндеуінде жазықсыз жазаланғандардың әрбірін есте сақтау арқылы жарқын болашаққа жол ашылады, жапа шеккендердің рухына тағзым ету – перзенттік борышымыз деген сөздері біздің бәрімізді жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтауға шақырады», - деді К.И.Искакова кіріспе сөзінде.
Баяндамашы Ө.Ж.Бекмағанбетов дәріс барысында кеңестік дәуірдегі Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі, ұлттық интеллегенцияның қызметі және саяси қудалаудың себеп-салдарлары ғылыми айналымға енген жаңа деректер мен ізденістердің негізінде айта келіп, келесі мәліметтерді келтірді. Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Көбі алаштың арыстары болатын.Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасқан. Солардың ішінде АЛЖИР - қазақ тілінде тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деген сөз болып шығады. 1937-1938 жылдары мұнда 20 мың әйел жазасын өтеді.Олардың арасында бұрынғы көрнекті партия-кеңес қайраткерлерінің Әзиза Рысқұлова, Дәмеш Жүргенова, Әбиша Қабылова сияқты әйелдері болды. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында» 1930-1933 жылдардағы аштық құрбандары 2,2 млн адамнан асып түсті делінеді. Тарихшы Бүркіт Аяғанның пікірінше, 1932-1933 жылдары 2,3 млн қазақ қаза тапқан. Ал аталған тақырыпты көп зерттеген тарихшы Талас Омарбеков 3 млн 379 мың адам қырылған десе, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы 1937 жылғы халық санағы аяқсыз қалып, кейін 1939 жылы қайта жүргізілген санаққа сәйкес, қазақтың саны небәрі 2 миллионнан сәл асқан. Демек, аштық кезінде қазақтың саны 5 миллионға кеміген деген мәлімет келтіреді.«Қазақстан Ұлттық энци¬клопедиясында» 1930-1933 жылдардағы аштық құрбандары 2,2 млн адамнан асып түсті делінеді. Тарихшы Бүркіт Аяғанның пікірінше, 1932-1933 жылдары 2,3 млн қазақ қаза тапқан. Ал аталған тақырыпты көп зерттеген тарихшы Талас Омарбеков 3 млн 379 мың адам қырылған десе, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы 1937 жылғы халық санағы аяқ¬сыз қалып, кейін 1939 жылы қайта жүргізілген санаққа сәйкес, қазақ¬тың саны небәрі 2 миллионнан сәл асқан. Демек, аштық кезінде қазақ¬тың саны 5 миллионға кеміген. Басқаша айтқанда, адамзат тарихындағы ең үлкен зұлматқа қатты ұшыраған – осы қазақтар. Байқасаңыз, қазақ халқының 30 пайызы емес, 40 пайызы да емес, бірден 70 пайызы ажал құшты деген мәлімет келтіреді. Кездесудің соңында тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.Сонымен бірге, ҚР МКҚ қызметкерлері Ө.Ж.Бекмағанбетов пен К.И.Искакованы АЛҒЫС хатпен марапаттады.
**Қалалық ардагерлеркеңесінің мүшесі филос.ғ.к.ЕҰУ профессоры Искакова К.И**