Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Қоғамдық кеңестің жыл қорытындысы!

Таяуда, жыл қорытындысы негізінде Астана қаласы Қоғамдық Кеңесінің мұшесі, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Кәрімұлы Мұстафиннің атына екі бірдей “Алғыс хат” табыс етілді. М.М.К.jpg

Бірінші “Алғыс хат” Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне, Елордадағы Азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Астана қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Зұлфухар Ғайыповтың атынан берілді. Ал, екінші “Алғыс хатты” жолдап отырған “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ -ның президенті Б.Нурғазиева. Бұл біздер үшін, аудан ардагерлері үшін үлкен қуаныш. Алматы ауданы ардагерлер Кеңесін басқарып отырған жетекшіміз -М.Мұстафинге еңбектері жемісті бола берсін дейміз!

                        **Баянды ӘЛПИ, журналист**