ҚОШ КЕЛДІҢ НАУРЫЗ 2026-ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НАУРЫЗ!
ҚҰРМЕТТІ ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ, АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ АСТАНА ҚОНАҚТАРЫ!
Адамдарға арман мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен сұлулық сыйлаған Наурыз мейрамына орай ыстық ықылас пен шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Қазақ жерінде мыңдаған жылдардан бері тойланып келе жатқан Наурыз Тәуелсіздікпен бірге барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Халықаралық дәрежеде кеңінен тойланатын жыл басы Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі, салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат-Ананың жаңғырып, жаңаратын ғажайып мерзімінің бірі болып табылады. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адамзаттың да жан-дүниесі жаңғыра түседі. Биылғы Наурызда енген қасиетті жануар Жылқы жылы ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Астана қалалық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы С.Есілов
**УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ И ГОСТИ АСТАН!**
Примите наши теплые и искренние поздравления с праздником Наурыз, который дарит людям радость и вдохновение6 а молодежи энтузиазм и оптимизм! На территории Казахстана Наурыз, отмечается уже тысячалетиями6 а ныне вместе с Независимостью стал общенациональным любимым праздником для всех казахстанцев, который широко отмечается на международном уровне. Новый год Наурыз – праздник дружбы и свободы , торжество здорового образа жизни, укрепляет национальное единство, семейные ценности, преемственность поколений. Наурыз, это особо почитаемый традиционный праздник, наполненный всеобщим весенним настроением, устремленностью в будущее. В канун этого замечательного праздника желаем всем крепкого здоровья, процветания, успехов в достижении поставленных целей и задач! Пусть каждый день пробуждающейся весны, приносит счастье и благополучие, всеобщее изобилие достатка в каждом шаныраке! «Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!»
Председатель Совета ветеранов
города Астаны С.Есилов



