Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ПАТРИОТТЫҚ ДӘРІС ӨТТІ!

ЕҰУ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ПАТРИОТТЫҚ ДӘРІС-ТҮСАУКЕСЕР

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті Ардагерлер кеңесі ақпан айының 12 күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет Қызметінің (ҚР МКҚ) офицерлері мен жауынгерлеріне белгілі ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, ЕҰУ «Замануи зерттеу институтының» директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Үзіліссіз қазақ мемлекеттілігі: ХҮ-ХІХғ.ғ. еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты жаңа еңбегіне арналған ашық дәріс – түсаукесер ұйымдастырды. Кездесу барысында атақты ғалым өзінің 17 жылдық ғылыми зерттеулері мен ғылыми ізденістерінінің сәтті нәтижесі - «Үзіліссіз қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында.

ЕНУ1.jpg

ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты атлас-кітабымен таныстырды. Қазақ мемлекетінің әлемнің ежелгі карталарында көрсетілуін АҚШ пен Еуропаның 300 ден астам ортағасырлық карталарында Қазақ мемлекетіне қатысты ақпарат туралы толық баяндалды. Карталар бүгінгі Қазақстанның көнеден келе жатқан, тарихи мемлекеттілігінің болғандығын дәлелдейді. Оның үстіне, карталар қазіргі Қазақстанның мемлекет ретінде өте күшті, ұзақ және үздіксіз мемлекеттілік тарихы бар екенін растайтын маңызды дереккөздердің бірі болып табылады. Дәл осыны ежелгі карталардың жәдігерлері растайды, өйткені олар Қазақстанды басқа мемлекеттердің өкілдері көргендей бейнелейді Қазақ хандығы құрылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елдерінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген. Олардың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар (бельгиялық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекеттілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсірген). Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы – 130 карта. Кітап –атластың салмағы 6 кг. Кітап-атласта XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекеті бейнеленген 2000-нан астам ежелгі еуропалық және американдық карталар туралы бұрын белгісіз жаңа деректер келтірілген.

ЕНУ 2.jpg

Ерекше құнды кітапты алғаш оқыған ҚР Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев Мұхит-Ардагердің еңбегіне жоғары баға беріп, еліміздің барлық өңірінде және халықаралық іс-шараларда арнайы көрмелер ұйымдастыру қажет екенін айтты. Еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат үлкен қызығушылық танытып, келешекте картография саласын дамытып, оқу орындарында да қолға алу қажеттігін атап өтті. Л.Н. Гумилев ат ЕҰУ КеАҚ басқарма төрағасы, ректор Ерлан Сыдыков алғашқылардың бірі болып М.-А. Сыдықназаровты қолдап, университетте үлкен көрме - галлерея ұйымдастырды. Ғалымның дәрісін МКҚ 300 жүз қызметкерлері 2,5 сағат үлкен қызығушылықпен тындап, ата-бабаларының қалдырған бай тарихи мұрасына, туған жері мен елі үшін мақтанып, бойларындағы патриоттық сезімдерін ұлғайтты. Картографиялық материалдар бүкіл әлемнің ғылыми кеңістігінде құнды жазбаша деректер болып табылады. Мұхит-Ардагер Сыдықназаровың теңдесі жоқ жаңа зерттеулері мен мәліметтері қазақ мемлекеттілігінің нақтылығы мәселесіне күмән келтіретін кейбір көрші елдердің саясаткерлернің аузын мәңгіге жабады деп сенеміз. Университет ғалымдары әріптесінің ерлік еңбегіне риза болып қолдау ретінде факультеттерде, жалпы қала мекемелерінде презентациялар, кездесулер, дәрістер өткізуде.

ЕНУ3.jpg

Іс-шара соңында профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, ғалымның ассистенті, университеттің Ғылым бөлімінің қызметкері Салтанат Сыдықназарова және кездесуді ұйымдастырушы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Күлзира Искакова ҚР МКҚ бастығы, генерал-майор Сакен Сайынұлы Исабековтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

                   Ардагерлер кеңесінің төрағасы,
                     профессор Күлзира Искакова