ПІКІРТАЛАС СЕМИНАР!
«Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» (пікірталастық семинар)
2026 жылы 5 маусымда, Астана қаласындағы Есіл университетінің 208-лекциялық аудиториясында (Жұбанов көшесі 7-ғимарат), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты әлеуметтік жоба шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталастық семинар өткізілді. Семинардың негізгі міндеті: ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жастардың, сарашылық қауымдастықтың қатысуын молайту. Мақсаты: жастар және азаматтық сектор өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа тарту жолымен сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімді» қалыптастыру.
Қатысушылар: Үкіметтік емес ұйымдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Астана қалалық Ардагерлер ұйымы кеңесі өкілдері, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының азаматтық белсенділері, ЖОО оқытушылары мен студенттері. Қатысушылардың жалпы саны 250-ден асады. Модератор: «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының директоры Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы. Астана қалалық Ардагерлер ұйымы кеңесі аппаратының кеңесшісі Айтжан Айдашев «Сыбайлас жемқорлықты еңсеру жалпыхалықтық іс» тақырыбында баяндама жасады. «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайнуллаұлы Семғалиев, Есіл университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы аяпберген Алданұлы Таубаев, ҚР Мемқызмет істері жөніндегі агенттіктің Мемқызмет істері жөніндегі Астана қалалық департаментінің басшысы Ерболат Қабайұлы Желдіоңғаров, Сарапшылық және жаңа технологиялар ғылыми-өндірістік институт ЖШС директоры Михаил Юрьевич Сандарчук.
Есіл университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Алпысбай Дүйсенбайұлы Жүсіпов баяндамаларында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзім қалыптастыру, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тәжрибелері, жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі, астаналық тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастырудағы қалалық Ардагерлер ұйымдарының тәсілдер және т.б. мәселер қозғалды.
Астана қаласы ардагерлер ұйымының
кеңесшісі А.А.Айдашев