ҚР-ның ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ!
**Қазақстан Респыбликасының
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ**
ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметнің ұсынысы бойынша 2026 жылдың 18 наурызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессор-оқытушылары МКҚ-ң Құрылымдық бөлімшелер, ведомство басшылары мен жеке құрамына арналған Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы туралы ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.

Дәрісті ұйымдастырған: ҚР МКҚ-не көптеген жылдар бойы патриоттық-отансүйгіштік тәрбие жұмысы бойынша медеткерлік қолдау көрсетіп жүрген филос. ғ. к., профессор, Астана қаласы мен Алматы ауданы Ардагерлер кеңестері Президиум мүшесі, ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Искакова Күлзира Идрисовна.


Дәріскер: Ибрагимов Жамаладен Ибраhимұлы– заң ғылымдарының докторы,. ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры ҚР-ң жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары мен енгізілген өзгерістерін, тарихи-құқықтық маңызын терең, жан-жақты ашып, айтты. МКҚ-ң офицерлік және әскери жеке құрамы дәрісті үлкен ынта қойып, тыңдап,көптеген сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауап алып,риза болып, алғыс айтты.
ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Искакова Күлзира Идрисовна.