ҚР Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлымен кездесу.
ҚР Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлымен кездесу.
Елімізде 2025 ж сәуір айынан басталған «Бір ел –бір кітап 2025» республикалық акциясын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіжәне қаламыздың Алматы ауданы ардагерлері тығыз қолдап, 8 сәуір күні Алматы ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Кітап оқудың пайдасы» атты тақырыпта кездесуден бастап, университетте ұйымдастырылған ақын, мәдениет қайраткері, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқовпен кездесу және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекпен кездесулерге белсене қатысты.
«Бір ел –бір кітап 2025» республикалық акциясына арналған кездесулердің жалғасы 29 сәуірде Л.Гумилев атындағы ЕҮУ де Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Халықаралық Сәтбаев қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нухұлымен өтті. Кездесу «Сәтбаев шырақшысы» деген атпен, атқарылған іс-шараларды айқындайтын тақырыпта өрбіді. Бұл кездесуді ұйымдастырушы және жүргізуші «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбаев
Жиналған ғалымдар мен ардагерлердің көпшілігі қаламыздың Алматы ауданы ардагерлерінен құралды.
Алтынбек Нұхұлы ғылыми. мәдени және жалпы халыққа танымал тұлға.Сонда да модератор ғалым Алтынбек Нухұлының Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітіргеннен кейін ассистентіктен бастап профессорға дейін өскен жолына қысқаша тоқталды. Кезінде оның Республикадағы ең жас химия ғылымының докторы атанғанын мақтанышпен атап өтті. А.Нухұлы 600 астам ғылыми және публицистикалық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Осы орайда кездесуге келген ғалымдар Алтынбек Нухұлының академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбегіне көп мән беріп, мерей тойы -125 жылдығына арнап 30 астам кітапшалар ,толық шығармаларынан құралған 10 томдық жинағын, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми 6 тілінде және мемлекеттік қазақ тілінде 5 томдық «Қысқаша өмірбаяндық очеркі» жарық көргенін атап өтті. Кездесу кезінде Қ.Сәтбаев туралы жарық көрген он томдық шығарманың тұсауы кесіліп, біразы университеттің кітапханасына сыйға тартылды.
Кездесуге келген А.Нухұлы көптеген жанашырларының сауалдарына тиянақты жауап берді. Кездесу соңында Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов А.Нухұлына мағыналы, тәрбиелік мәні зор әңгімесі үшін алғыс айтып,кеудесіне отандық білім мен мәдениетке қосқан үлесі үшін «Күлтегін» медалімен марапаттады.
Жиналған қауым салиқалы жақсы өткен кездесу үшін Алтынбек Нухұлына алғыс айтып, алда әлі талай жеңістермен қуантатынына сеніммен тарасты.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы,филос.ғ.к., профессор Искакова Күлзира **