Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ 100 жаста!

Халық Қаһарманы Р. Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл

Астана қаласы ардагер ғалымдары мен әскери оқытушылары Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Еуразия Ұлттық университеті әскери кафедрасының ұйымдастырған «Рухы биік хас батыр» атты ғылыми-көпшілік конеренциясына қатысып, қазақтың даңқты батыры туралы ой бөлісті. зал.jpg Алқалы жиынды ЕҰУ әскери кафедрасының басшысы, генерал-майор Еділ Оразов ашып, Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігінің тарихи маңызын атап өтті. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ардагер-журналист Жанболат Ауыпбаев аңыз адаммен қалай кездесіп, қандай сұхбат алғаны туралы естелігін айтып, Рақымжан Қошқарбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын алып беру үшін Жұмабек Тәшенов, Бауыржан Момышұлы, Кәкімжан Қазыбаев сияқты тарихи тұлғалардың белсене араласқанын баяндады. Келесі кезекте ЕҰУ ардагерлер Кеңесінің төрайымы, философия ғылымдарының кандаидаты, профессор Күлзира Искакова, ҚР ҚК Ұлттық қорғанысы университетінің оқытушысы, философия докторы (PhD) полковник Ербол Сыпатаев, республикалық «Геральдикалық зерттеулер орталығының» бас маманы, тарих магистрі Сұлтан Оразаевтар батырдың өмірі мен ерлігі жайлы баяндамалар жасады. Ал ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің қызметкері, полковник Өнербек Өміралин батырдың жеке ісінде сақталған құжаттармен таныстырды. И.К.И.jpg Конференция аясында ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің батыр туралы көшпелі көрмесі ұйымдастырылып, Жеңіс туының көшірмесі сахнаға қойылды. Ат тұяғын тай басар демекші, батырдың немересі Дәурен Қошқарбаев өзі конференцияға тікелей қатыса алмаса да жас ұрпаққа арналған бейне-үндеуін онлайн-форматта жолдады. Берлинге шабуыл кезінде Рейхстаг ғимаратына бірінші болып Қызыл Ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың қайсарлығы мен батырлығы, шексіз рухани күші ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып, ержүректілік пен батырлықтың мәңгілік символы болып қалатынына сеніміміз мол.

Искакова Күлзира, ЕҰУ ардагерлер Кеңесінің төрайымы, философия ғылымдарының кандаидаты, профессор/